• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Марат Қарабаев БАҚ өкілдерінің министрлікке тікелей жүгінуге мүмкіндіктері бар екенін айтты

Көлік саласына жауапты министр Марат Қарабаев ҚР Көлік министрлігінің медиа-орталығында көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты және ведомство жұмысының өзекті мәселелері бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Министрлік басшысы БАҚ қызметкерлерін отандық азаматтық авиация, теміржол, автомобиль және теңіз көлігі салаларының, сондай-ақ автомобиль және теміржол құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, ағымдағы жай-күйі мен перспективалық даму жоспарлары туралы хабардар етті.

Марат Қарабаев көлік маршруттарына, әсіресе қарқынды дамып келе жатқан Орта дәлізге баса назар аударды. Министр 2022 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бағытында жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе артқанын атап өтті. Осы ретте тасымалдау көлемін одан әрі арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту, порт және терминалдық қуаттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту және басқа да іс-шараларды көздейтін 2027 жылға дейінгі «тар» жерлерді жою жөніндегі Жол картасына қол қойылғанын айта кеткен орынды.

Атап айтқанда, маршруттың қазақстандық учаскесінде, оның ішінде «Достық-Мойынты»учаскесінде екінші жолдарды, Алматы станциясын айналып өтуге арналған теміржол желісін және «Дарбаза-Мақтаарал» және «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Саржа»көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы басталған, «контейнерлік хаб» құру және отандық теңіз сауда флотын кеңейту жоспарда бар.

Нәтижесінде 2027 жылға қарай ТХКБ өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту және жеткізу мерзімін 14-18 күнге дейін, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 5 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау саласында транзиттік және импорттық-экспорттық жүктерді тасымалдау бойынша айтарлықтай өсім байқалады. 2022 жылы тек 3,6 млн тонна тасымалданған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,6%-ға артық.

Одан әрі өсуді қамтамасыз ету үшін көрші мемлекеттермен шекарадағы өткізу пунктерін жаңғырту, сондай-ақ жүктерді тасымалдауға рұқсат бланкілерін беру жүйесін жетілдіру жоспарланған.

​«Автомобиль дәліздерін қайта құру мен олардың құрылысы бойынша жұмыстарды жеделдету қажет. Бұл «Астана – Алматы», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» учаскелері. Биыл ұзаққа созылған барлық құрылыс жұмыстары бойынша төменгі қабатта жол жүру қамтамасыз етілді, келесі жылы пайдалануға беруді көздеп отырмыз», деді Марат Қарабаев. 

2024-2026 жылдары республикалық жолдардың шамамен 4,7 мың шақырымын реконструкциялау және салу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Бұл «Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда», «Қарағанды-Жезқазған», «Атырау-Доссор», «Астана-Қостанай-РФ шекарасы», «Павлодар-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы», «Атырау-Орал» және басқа да жол учаскелері. Жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқанжұмыстар аяқталған сайын кезең-кезеңімен басталатын болады.

Әуе тасымалдарын одан әрі дамыту үшін көлік министрлігі өңірлік әуежайларда жүк авиахабтарын дамытуды жоспарлап отыр. Логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальды орталықтар ретінде Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент әуежайларын дамыту жұмыстары басталды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық әуе компанияларымен 11 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17% - ға артық. Өсу серпіні биыл да сақталып отыр: 9 айда 9,9 млн жолаушы тасымалданған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 25% - ға артық. Қаңтар-шілде айларында ҚР әуежайларымен 70,7 мың тонна жүк өңделген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 25% - ға артық.

Авиация саласын одан әрі дамыту жоспары ұшу географиясын кеңейту жұмыстарын да көздейді. Бүгінгі таңда аптасына 605 рейс жиілігімен 116 бағыт бойынша 32 елге халықаралық рейстер орындалады. Биыл аптасына 50 рейс жиілігімен 12 елге 22 бағыт бойынша рейстер ашылып, қайта іске қосылды. Жылдың соңына дейін Алматы – Карачи (SCAT), Алматы – Куала-Лумпур (Air Asia X) бағыттары бойынша жаңа рейстер ашу жоспарлануда. 2024-2025 жылдары Бұхара, Мумбай, Прага, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа да қалаларға рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Баспасөз конференциясы аясында министр журналистердің теміржол жолаушылар тасымалы сервисін жақсарту, билеттер құнын төмендету, «ҚТЖ» ҰК қызметіндегі бұзушылықтар, Qazaq Airавиакомпаниясын сату және қазақстандық нарықта жаңа авиатасымалдаушылардың, оның ішінде лоукостерлердің пайда болу мүмкіндігі, жол құрылысы сапасы төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

«Сұрақ-жауап» форматында өткен кездесу барысында Марат Қарабаев Көлік министрлігі барынша ашықтықты ұстанатынын айта келе, БАҚ өкілдерінің кез-келген уақытта министрлікке тікелей жүгінуге мүмкіндіктері бар екеніне баса назар аударды.

  • 22.11.2023
  • 180
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика