• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мүгедектігі бар адамдарға қаржылық қызмет көрсетудің Бірыңғай Ұлттық стандарты қабылданды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық инклюзияны арттыру болып табылады.

Бұл басымдықты іске асыру шеңберінде 2020 жылы Қайрат Иманәлиев атындағы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – МШБ) бірлесіп, Агенттік жанынан Мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Парламент Сенатының депутаты, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар, МБА мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – ҚҚҚ) және қаржы ұйымдары кіреді.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Жұмыс тобы шеңберінде 3 жыл бойында екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сынақтан өткізген Мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін нақты және ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және қабылданды. Сондай-ақ, банктер бөлімшелердің техникалық инфрақұрылымын жаңарту, сайттар мен мобильдік қосымшаларды бейімдеу, адамдардың аталған санатымен жұмыс істеу бойынша білікті қызметкерлер даярлау жөнінде жеке жоспарлар әзірледі.

Қаржылық қолжетімділікті және қаржылық инклюзияны арттыру мәселесінде озық тәжірибесі бар халықаралық ұйымдар және шет елдердің орталық банктерімен бірлесіп, қаржы ұйымдарының қызметкерлерін оқыту жүргізілді.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар халық саны 700 мыңнан астам адамды құрайды. Осы санаттағы адамдардың нақты және ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің 28 қаласында банктердің 350 бөлімшесі ішінара олардың қажеттіліктеріне бейімделген. Fingramota.kz интернет-порталында бұл бөлімшелердің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін интерактивті Қолжетімділік картасы орналастырылған.

Мемлекет басшысы қол қойған «Мүгедектердің құқықтары бойынша конвенция туралы Факультативтік хаттаманы» ратификациялау туралы 2023 жылғы 7 маусымдағы Заңды іске асыру шеңберінде Агенттіктің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар» ұлттық стандартын бекітті.

Ұлттық стандарт мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын жалпы талаптарды көздейді, олар қаржы ұйымдарының ғимараттары мен үй-жайларын МБА үшін бейімдеуді қамтиды, осы санаттағы клиенттерге қызмет көрсету ерекшеліктерін, сондай-ақ осы санаттағы адамдармен жұмыс істеу кезінде қаржы ұйымдары қызметкерлерін оқыту және олардың құзыретін арттыру мәселелерін белгілейді.

Ұлттық стандарт шеңберінде банктер кедергісіз орта құруға және қамтамасыз етуге және мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін қаржылық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды күшейту бойынша жұмысты жүзеге асыратын болады

  • 23.11.2023
  • 224
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика