• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудегі әлеуметтік қорғау жүйесі туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты Еңбекминінің басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қоғамдастық, Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Әзірбайжан ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Светлана Жақыпова өз сөзінде әлеуметтік қорғау жүйесі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты психологиялық қолдау, заңгерлік кеңес беру және оңалту сияқты арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге толық қолдау көрсетудің басымдығы болып табылады.

ЕХӘҚМ басшысы Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің арқасында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау мүмкіндігі пайда болғанын атап өтті.

«Отбасының цифрлық картасында 6,3 млн отбасы немесе 20 миллион Қазақстан азаматы бойынша отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге және зорлық-зомбылықтың ықтимал қатерлеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін ақпарат жинақталған. Қазіргі уақытта біздің министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Отбасының цифрлық картасының әлеуеті арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейту мәселесін пысықтауда», – деді Светлана Жақыпова.

Отбасының цифрлық картасы арқылы отбасын сүйемелдеу алгоритмі депривацияның жасырын себептерін анықтау үшін ішкі сауалнамалар әзірлеуді, гендерлік-сезімтал индикаторларды енгізуді, барлық мемлекеттік органдар тарапынан қиын өмірлік жағдайдың алдын алу мақсатында әлеуетті зорлаушылар мен құрбандардың портреттерін қалыптастыруды, отбасын қиын өмірлік жағдайдан шыққанға дейін сүйемелдеуді көздейді.

Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл құралды дамыту және енгізу тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту жөніндегі алдын алу шараларының ажырамас бөлігі болады.

  • 24.11.2023
  • 224
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика