• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А. Сапаров: Агроөнеркәсіпті ғылымсыз дамыту мүмкін емес

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚР Парламенті Сенатында өткен «Үкімет сағатында» Мемлекет басшысының аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, геосаяси ахуал мен әлемдік нарықтың тұрақсыздығына қарамастан, дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыттары өсуде. Мысалы, 2022 жылы ЖІӨ 104 трлн теңгені құрады, ондағы ауыл шаруашылығының үлесі – 9,5 трлн теңге. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық. Алайда, инновациялық шешімдерсіз одан әрі өсу мен даму мүмкін емес және олар ғылыммен тығыз байланысты.

1990 жылдары елімізде аграрлық салада 31 ғылыми-зерттеу институты, 34 тәжірибелі шаруашылық, ал ғылыми қызметкерлердің саны - 6 580 адам болды. Содан бері ғылыми-зерттеу институттарының саны 31-ден 11-ге дейін, тәжірибелік шаруашылықтардың саны 34-тен 17-ге дейін, ғылыми қызметкерлердің саны 6 580-ден 902-ге дейін қысқарды. Бұдан бөлек соңғы екі жылда ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамындағы 20 ғылыми зерттеу институты мен эксперименттік станциялар жоғары оқу орындарының басқаруына өтті. Сондай-ақ, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын тарату процесінің басталуына байланысты орталықтың білікті кадрлары басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болды.

 «Аграрлық салада жүргізіліп жатқан реформалар олардың мазмұнын емес, әкімшілік басқару нысандарын өзгертумен ғана шектелетінін мойындау керек. Соның салдарынан ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі төмендеп, ғалымдарымыздың кадрлық құрамы нашарлады. Сонымен қатар, аграрлық ғылымды қаржыландыру ТМД елдерімен салыстырғанда өте төмен деңгейде қалып отыр», - деді Айдарбек Сапаров.

Мысалы, 2022 жылы Қазақстандағы аграрлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған қаражат көлемі саланың ЖІӨ-нің 0,1%-ын ғана құрады. Арменияда бұл көрсеткіш 0,3%, Беларусьта - 0,6%, Ресейде - 1,2% құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық ғылымды дамытуға ерекше назар аударғанын және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын Агротехнологиялық хабқа айналдыру міндетін қойғанын еске салды. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары мен эксперименттік станциялар басшыларымен, ғалымдармен кеңестер өткізіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.

Келіссөздер нәтижесінде ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықтарды бір жерге шоғырландыру туралы шешім қабылданды. Қарашаның басында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамына бұрын жоғары оқу орындарына берілген 10 ғылыми-зерттеу институты мен эксперименттік станцияларды қайтарды. Бұл жұмыс аяқталған соң орталықтың алдына белгілі шетелдік аграрлық-ғылыми орталықтармен толыққанды ғылыми-практикалық ынтымақтастық орнату және аграрлық ғылым мен бизнес арасындағы байланысты жандандыру міндеті қойылады.

Сенатта министр тағы бір үлкен мәселе - аграрлық саладағы кадр тапшылығын көтерді. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ауылдық елді мекендерде сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағдарлану қажет. Бұл үшін министрлік болашақта аграрлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын әртараптандыруды қарастырады.

  • 26.11.2023
  • 215
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика