- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Қытай Халық Республикасы прокуратурасының өкілдерімен кездесу туралы
Бас прокуратурада Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Халық прокуратурасының делегациясымен кездесу өтті.
Шетелдік әріптестерге қазақстандық прокуратура қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша отандық заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы ақпарат берілді.
Өз кезегінде Қытай тарапы кадрларды даярлау және басқару бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
- 27.11.2023
- 220