- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚАЛА ӘКІМІ ТІКҰШАҚПЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге Шымкент қаласының су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 тікұшағымен ұшу барысында Бадам өзенінің бойында орналасқан Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, Текесу, Бадам, Тоғыс су қоймалары, жоғары Бадам су реттегіші және Сайрам-су өзенін барлау жұмыстары жүргізілді.
Аэровизуалды мониторинг кезінде 6 гидротехникалық құрылыс зерделенді. Сонымен қатар, 2 өзеннің су ағысына шолу жасалды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жол картадағы 9 іс шара жүзеге асса, су басу аймақтарындағы қауіп сейіледі.
Әуеден бақылау барысында жағдай тұрақты екені байқалды. Өзендердің ағысы қалыпты. Бадам өзенінде секундына 9 текше метр, ал Сайрам суда 1 текше метр су ағуда. Су қоймаларының толу деңгейі 13–45 пайызды құрайды. Тасқын суларды қабылдайтын қоры жеткілікті. Су тасқынын алдын алу барысы үнемі бақылауда болады.
- 29.11.2023
- 137