• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан СІМ басшысы Сербияға ресми сапармен келді

Белград, 2023 жылғы 29 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапармен келіп, оның шеңберінде Сербия Республикасы Премьер-Министрінің Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары және Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен екіжақты келіссөздер өткізді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалық бағыттарын, сондай-ақ өзара қолдауға негізделген халықаралық ұйымдар шеңберіндегі белсенді өзара іс-қимылды талқылады.

Тараптар сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрі елдеріміз арасында мемлекет басшылары деңгейінде сындарлы диалог орнатылғанын атап өтті. «Сербия – Қазақстанның Балқан өңіріндегі достас елі және сенімді серіктесі. Біз қазақ-серб ынтымақтастығын жан-жақты нығайтуға зор мән береміз», – деді М.Нұртілеу.

Өз кезегінде И.Дачич Белградтың Сербия үшін Орталық Азиядағы басты әріптес елі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту ниетін растады. «Бұл сапар өзара құрмет пен сенім атмосферасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретіні сөзсіз», – деп атап өтті серб министрі.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге басты назар аударылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 есе өсіп, 73,8 млн АҚШ долларына жеткен екіжақты тауар айналымы өсімінің оң динамикасы аталып өтті.

М.Нұртілеу өзара сауда құрылымын әртараптандыру қажеттігіне назар аударып, Сербияның ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялары мен озық тәжірибесін трансферт жасауға қызығушылық білдірді. Осыған байланысты тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Сербия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің мүмкіндіктерін, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-серб үкіметаралық комиссиясының тетіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Сербияның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым белсенді пайдалануға келісті.

Сонымен қатар сыртқы саяси ведомстволардың басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұған екі елдің азаматтары үшін визасыз режим туралы қолданыстағы келісім ықпал етеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақ-серб қатынастарының барлық спектрін одан әрі серпінді дамытуға өз міндеттемелерін растады.

Сол күні ҚР СІМ басшысы Сербия Премьер-министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Милош Вучевичпен екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері мен перспективаларын жан-жақты талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Белградта Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандумдарға қол қойылды.

Тараптар қол қойылған құжаттар перспективалы бірлескен жобаларды іс жүзінде іске асыру үшін құқықтық негіз және қажетті тетіктер жасайды деп үміттенді.

  • 30.11.2023
  • 216
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика