• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Ресей өзара сауданың өзекті мәселелерін талқылады

Айдарбек Сапаров Мәскеудегі жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттыру, қос ел арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Министр ауыл шаруашылығы саласында Ресеймен тығыз ынтымақтастыққа және бірлескен мәселелерді жедел шешуге ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанды Ресейдің мемлекеттік қолдау түрлері мен бағыттары бойынша тәжірибесі қызықтырады. Айдарбек Сапаров АӨК-дегі ақпараттық жүйелердің интеграциясына жеке тоқталды. Бұл ретте ҚР   Ауыл шаруашылығы министрлігі өздері әзірлеп жатқан «Өсімдік шаруашылығындағы қадағалаудың ақпараттық жүйесінде» пайдаланылатын астықты бақылау жобасына Ресейдің табысты тәжірибесін пайдаланбақ.

«Бұл бағыттағы ынтымақтастық алдағы уақытта екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әріптесттікке оң серпін береді деп ойлаймын», - деді министр.

Ол «ЕАСУ» АЖ-ның ақпараттық жүйелерін «Аргус-Фито» ФГИС және «Меркурий» ФГИС-пен (Россельхознадзор) интеграциялау біздің елдеріміздің экспорттық-импорттық әлеуетін толық көлемде пайдалануға, ветеринарлық-бақылау рәсімдерін жеңілдетуге және оңтайландыруға, шекараларда бақылаудан өту уақытын автоматтандыру және қысқарту, қажетсіз кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мұнан соң министрлер АӨК өнімдерінің өзара саудасын дамытуды талқылады: екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың тоғыз айында 2,6 млрд долларды құрады. Тауар айналымының құрылымы біркелкі емес, Қазақстанның Ресейден импорты экспорттан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан Айдарбек Сапаров қазақстандық өнімді Ресей нарығында арттыруға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасынан жөнелтілетін сиыр еті көлемін ұлғайтуға баса назар аударды. Өз кезегінде көрші елдің Ауыл шаруашылығы министрлі Дмитрий Патрушевті үшінші елдерден келетін сиыр етінің импортын қазақстандық өніммен алмастыру мүмкіндігін талқылауға шақырды.

«Телефон арқылы сөйлескенде біз Қазақстаннан Ресейге мал шаруашылығы өнімдерінің импортына аусыл ауруы бойынша қолданыстағы шектеулерді талқыладық, Стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында енгізілген шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қайта қарауды сұраймыз, бұл қазақстандық өнімнің Ресей Федерациясының нарығына жетуіне мүмкіндік береді», - деді Айдарбек Сапаров.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 03.12.2023
  • 227
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика