• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Дархан Жазықбай Нью-Йорктегі адам ресурстарды басқару бойынша халықаралық семинардың ашылуына қатысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «XXI ғасырдағы меритократия негізінде мемлекеттік қызметтің адам ресурстарын басқару» халықаралық семинарына қатысты.

Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясы және Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – БҰҰ тәжірибесі негізінде адам ресурстарын басқару жүйесінің заманауи әкімшілік және техникалық аспектілерін талдау.

Шараға Астана хабының резидент-елдері Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Украина, Өзбекстанның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарының басшылары қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссияның төрағасы Ларби Джакта БҰҰ әлемнің түрлі аймақтарында мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік секторда адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибесін тарату үшін осы бағыттағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде, МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай қазіргі заманғы үрдістер мемлекеттік қызмет тиімділігін үнемі арттыруды қажет ететіндігіне назар аударды. Ол семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметтің гибридті моделі негізінде «адамға бағдарланған» және сервистік мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру шаралары туралы айтты.

Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резерві және өзге де жастарға арналған әлеуметтік лифттер құру,  мемлекеттік қызметке жоғары оқу орнының үздік түлектерін конкурссыз тағайындау, жеке сектордан тәжірибелі мамандарды тарту сынды мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар жайлы баяндады.

Сондай-ақ кадрлық бизнес-процестерді толық автоматтандыруды және мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін цифрландыруды көздейтін «e-Qyzmet» жүйесін жаңғырту шараларымен оның мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметті дамытудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, адам ресурстарын басқарудың озық тәсілдері, әдістері мен үрдістері туралы мұндай семинарлардың оң әсерін атап өтті.

Семинар аясында мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органдардың Астана мемлекеттік қызмет хабының резидент-елдерінің мемлекеттік басқару комитетінің өкілдерімен екіжақты кездесулер өтеді деп жоспарлануда.

 

 

  • 04.12.2023
  • 200
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика