- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстандық делегацияның 2-ші жаһандық цифрлық сауда көрмесінің жұмысына қатысуы
Қазақстандық делегация ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің көмегімен 23-27 қараша аралығында Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу қаласында өткен 2-ші жаһандық цифрлық сауда көрмесінің (ЖЦСК) жұмысына қатысты.
Іс-шараны ҚХР Сауда министрлігі мен Чжэцзян провинциясының үкіметі ұйымдастырды. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының өкілдері болды.
Анықтама: 1-ші ЖЦСК 2022 жылғы желтоқсанда Қытайдың Ханчжоу-электрондық коммерция орталығында өтті. Сол кезде іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам салалық кәсіпорын қатысып, 315 цифрлық экспонат ұсынылды. Көрме аясында «Интернет плюс», «жаңа материалдар», «өмір және денсаулық» сияқты салаларда барлығы 89 маңызды жоба бойынша уағдаластықтар жасалды. Инвестициялық келісімдердің жалпы көлемі шамамен 110 миллиард юаньды құрады.
2-ші ЖЦСК ресми ашылуы 23 қарашада өтті, көрмені Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэн ашты, ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көрмеге қатысушыларға жолдауын оқыды.
Цифрлық сауда ЭКСПО-ға 60-тан астам ел, халықаралық ұйымдар, сауда палаталары мен қауымдастықтар, сондай-ақ 800-ден астам кәсіпорын қатысты. Финляндия мен Оңтүстік Африка елдері көрменің басты құрметті қонақтары мәртебесіне ие болды.
ЭКСПО цифрлық сауданың ережелері, нормалары, басқару және стандарттары сияқты тақырыптарға бағытталған, оның шеңберінде форумдар, салалық кездесулер және мамандандырылған семинарлар өткізілді.
ЖЦСК шеңберінде алғаш рет цифрлық саудаға жәрдемдесу департаменттерінің директорлары/директорлардың орынбасарлары деңгейінде Қытай мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері арасында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында тараптар цифрлық сауданы дамыту бөлігін талқылап, тәжірибе алмасты. ҚР СИМ Қытай тарапы ұсынған кездесулердің осындай форматын қолдады және оның министрліктер, үкіметтер мен мемлекет басшыларының бастамалары мен алға қойған міндеттерін іс жүзінде іске асыру тетігі болатынына сенім білдірілді.
Сондай-ақ, ҚР СИМ өкілдері Қазақстан Президентінің «C5+China» форматында бірыңғай электрондық сауда платформасын енгізу жөніндегі ұсынысын іске асыру жөніндегі практикалық қадамдарды талқылауға кірісуді; ірі қытай маркетплейстерінде Орталық Азия елдерінің бірыңғай павильонын ашуды пысықтауды; тауарларды орналастыру үшін ҚР-да электрондық сауданың қойма инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қытай тарапын хабардар етуді ұсынды.
«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы дөңгелек үстел шеңберінде кедендік тазартудан өткен электрондық сауда тауарларын цифрландыру мәселесін пысықтауды ұсынды, бұл трансшекаралық электрондық сауда рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «ОА + Қытай» елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері цифрлық сауданы дамыту саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы консенсусты мақұлдады.
ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігі қазақстандық делегацияның ҚХР Коммерция министрлігінің және «Alibaba» маркетплейсінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастырды. Келіссөздер барысында трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілету және цифрлық электрондық сауданы дамыту саласында тәжірибе алмасу мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қазақстандық делегацияның ҚХР Коммерция министрлігімен кездесуі барысында отандық экспорттаушыларды Қытай маркетплейстерінде бизнес жүргізу дағдыларына оқыту туралы мәселе талқыланды, ол үшін ҚХР Коммерция министрлігіне тиісті курстарды ұйымдастыру мүмкіндігін зерделеу, сондай-ақ Шанхай қаласындағы «Жібек жолы» электрондық коммерцияның пилоттық аймағы шеңберінде оқыту перспективасын қарастыру ұсынылды.
«Alibaba» маркетплейс өкілдерімен кездесу барысында қазақстандық өндірушілерді «Alibaba» алаңына шығару, қазақстандық экспорттаушылардың біліктілігін арттыру саласындағы өзара іс-қимыл, маркетплейсте сатылатын сапалы қазақстандық өнім көлемін ұлғайту және «Alibaba» делегациясының Қазақстанға сапары бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу аясында делегация электронды сауда тауарларын жеткізумен айналысатын «Cainiao Network Technology» қытайлық ірі логистикалық компаниялардың біріне барды.
- 04.12.2023
- 148