- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТ: 32 ДӘРІГЕР ТҮРКИЯДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Түркияда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағытындағы кешенді шараларға жергілікті медицина ұйымдарындағы бейінді мамандар -
акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, реабилитологтар, гематологтар, онкогематологтар, хирургтер, урологтар, травматологтар, неврологтар, эндокринологтар, кардиологтар мен онкохирургтер қатысты.
Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University» орталығымен келісім шарт жасаған. Ортақ келісім негізінде 32 медицина қызметкері біліктілігін арттырды.
Дәрігерлер тәжірибе алмасу барысында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыпта дәрістер тыңдады. Сондай-ақ аталған университеттің семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Хирургиядағы теориялық және практикалық жаңа әдістерді үйреніп, озық технологияға негізделген операция түрлерін меңгерді.
- 06.12.2023
- 136