- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Сербиядан экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні Сербия Республикасынан экстрадициялады.
Ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
- 06.12.2023
- 172