• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жолат Е.Б.
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда алғашқы апекс қорын құрды

«APEX Fund I» Limited Partnership апекс қоры алынған қаражаттың көмегімен отандық микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыра алатын кредиттік серіктестіктерге (КС) және микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) инвестиция салады.

Қаражат инвестицияға, оның ішінде агроөнеркәсіптік саласына, бірақ онымен шектелмей, негізінен ауылдық жерлер мен моноқалаларға бағытталады деп жоспарлануда.

Апекс қорын құру бойынша «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) негізгі серіктестері Khan Tengri Capital LLP кәсіби инвестициялық командасымен бірлесіп «Орталық» кредиттік серіктестігі» ЖШС (ОКС) болды.  АХҚО алаңында тараптар Apex Management Limited басқарушы компаниясын құрды және реттеуші лицензиясын алды. Компания апекс қорын басқаруды жүзеге асырып, сыртқы қорландыруды тартады.

Апекс қорының негізгі міндеті КС және МҚҰ қаржыландырудың нарықтық тетігін құру, өңірлерде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ШОБ еңбек өнімділігін арттыру болып табылады.

Жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты және елдің азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділігін азайтуға, Қазақстанның шикізат тауарларының экспортына тәуелділігін төмендетуге, ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылады.

Бүгінгі күні кредиттік серіктестіктер қорландыру көздері мен көлемдерінде шектеулі. Қазақстанда ірі зәкірлік инвесторлар жоқ, бұл агроөнеркәсіптік индустриясын дамытуда кедергілер тудырады.

Құрылған апекс қоры микро және ШОБ-ты дамытудың, сондай-ақ Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың тиімді құралы болуға арналған.

Алдын ала болжам бойынша, фонд «APEX Fund I» қызметі қордың жұмыс істеуі кезеңінде 7 300-ден астам жұмыс орнын қолдауға, шығарылатын өнімнің жыл сайынғы көлемін 180 млрд. теңгеден астам көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте бюджетке күтілетін салық түсімдері шамамен 1,3 млрд. теңгені құрайды.

Облигациялар орналастыру, қарыздар тарту, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен кәсіби қатысушылар атынан стратегиялық үлестік әріптестерді іздеу жолымен Апекс қорына инвестицияларды тартуды жүзеге асыру жоспарлануда.

Анықтама ретінде:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған private equity қорларының қоры. Біздің қызметіміз Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-ге инновациялық білім мен технологияларды трансферттеуге бағытталған.

Апекс ұйымы (қоры) – белгілі бір елде немесе өңірде әр түрлі кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарына қаржыны (кредиттер, гранттар, қарыздар) қайта бағыттайтын көтерме мекеменің бір түрі.

Кредиттік серіктестік (КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен және басқа да көздер есебінен кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банктік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға (құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа/фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындары және т.б. кіреді).

«Орталық» кредиттік серіктестігі» ЖШС – мамандандырылған қаржы ұйымы. ОКС-ге 42 өңірлік кредиттік серіктестік кіреді, олардың қатысушыларының жалпы саны 8 мың кәсіпкерден асады.

  • 06.12.2023
  • 231
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика