• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан және БАӘ СІМ басшылары екіжақты қатынастардың жай күйі мен даму перспективаларын талқылады

Дубай, 2023 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді. 

ҚР СІМ басшысы өз әріптесін Дубай қаласында 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысушы мемлекеттердің COP28 конференциясын сәтті ұйымдастыруымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктердің климаттың өзгеруімен күрестегі көшбасшылық саясатын атап өтіп, елдеріміздің халықаралық бастамалары мен ұлттық міндеттемелерінің жоғары маңызына тоқталды. 

Екіжақты ынтымақтастықты талқылау кезінде М.Нұртілеу Әмірліктер Қазақстанның өңірдегі аса маңызды серіктесі екенін және біздің елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты. 

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың қаңтар айында Әбу Дабиге жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырып, екі мемлекет басшыларының жақын саяси диалогының Қазақстан-Әмірліктер көпсалалы қарым-қатынастарының жемісті дамуындағы шешуші маңызымен келісті. 

Қазақстан СІМ басшысы әмірлік әріптесіне ҚР Президентінің БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның атына 2024 жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақыру хатын табыстап, оның бұл іс-шараға қатысуын елімізге ресми сапарымен ұштастыру мүмкіндігін атап өтті. 

Кездесуде соңғы жылдары дамып келе жатқан инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты қолдау мен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға баса назар аударылып, тараптар екіжақты сауда көлемін 1 млрд АҚШ долларына жеткізу үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалануға келісті. 

Осы мақсатқа жету үшін министрлер екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін атап өтті және «Etihad Airways» пен «Air Arabia» компанияларының рейстерін ашу мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласты. 

Кездесу соңында М.Нұртілеу шейх Абдалланы келесі жылы ресми сапармен Астанаға келуге шақырды. 

  • 13.12.2023
  • 200
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика