• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан СІМ басшысының Румынияға алғашқы ресми сапары екіжақты ынтымақтастықта жаңа тарауды ашты

Бухарест, 2023 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бухарестке екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен келіп, Румынияның Сыртқы істер министрі Луминица Одобескумен келіссөздер өткізді.

Қазақстан мен Румынияның сыртқы саяси ведомстволары басшылары кездесуінің негізгі тақырыптары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру, шарт-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ негізгі өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу мәселелері болды.

Тараптар барлық деңгейдегі байланыстарды жандандыруға және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделілігін растады.          Келіссөздер барысында Астана мен Бухаресттің ашық және сенімді диалогқа бейілділігі расталды. «Қазақстан Румынияның 1991 жылы біздің тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы еуропалық мемлекет болғанын жоғары бағалайды. Сіз Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақтағы біз үшін сенімді және маңызды серіктесіміз боласыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Өз кезегінде Л. Одобеску Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін айтып, румын тарапының жан-жақты ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті. «Біз осы оң динамиканы қолдауға, көлік және энергетика сияқты аса маңызды салалардағы қазақ-румын ынтымақтастығын тереңдетуін жалғастыруға дайынбыз», – деді румын министрі.

Екі елдің СІМ басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және цифрландыру салалары перспективті бағыттар ретінде белгіленді.

Өзара тиімді инвестициялық үйлестірудің жарқын үлгісі ретінде Румыниядағы Қазақстанның ең ірі шетелдік активі «ҚазМұнайГаз International» компаниясының қызметін айтуға болады. Бүгінгі таңда қазақстандық компания осы елдегі негізгі инвесторлардың бірі ретінде беделін сақтап, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.

Румыния – Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық серіктесі, Еуропада 5-ші және әлемде 12-ші орында тұр. 2022 жылы екіжақты сауда көлемі 2,7 млрд АҚШ долларын құраса, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 2,3 млрд АҚШ долларына жетті. ҚМГ-ның Румыния активтеріне тікелей инвестициялары 4 млрд доллардан асты. Соңғы онжылдықта Румыния ҚР экономикасына 1,57 млрд доллар инвестиция салды. Қазақстанда румын капиталының қатысуымен 37 компания тіркелген.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ – Орта дәліз) әлеуетін бірлесіп дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Осыған байланысты қазақстандық тарап біздің логистикалық инфрақұрылымдарымызды, соның ішінде Еуропа мен Азияны тиімді байланыстыратын Ақтау және Констанца теңіз порттарын интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық алмасуды одан әрі дамыту мәселелеріне назар аударды. Атап айтқанда, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары білім, ғылым және мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Соңғы үш жылда еліміздің астаналарында ұлы ақындар Абай Құнанбаев пен Михай Эминескудің бюсттері, сондай-ақ «Бухарест» және «Қазақстан» скверлері салтанатты түрде ашылғанын атап өткен жөн.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі министрдің Бірлескен мәлімдемесі қабылданып, сыртқы саяси зерттеу институттары мен дамуға ресми көмек агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

  • 13.12.2023
  • 185
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика