• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Румыния басшылығымен кездесулер өткізді

Бухарест, 2023 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бухарестке ресми сапары аясында Румыния Премьер-министрі Марчел Чолакумен және Парламент Сенатының Төрағасы Николае Чукемен келіссөздер өткізді.

Румыния Үкімет басшысымен келіссөздер барысында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту және әртараптандыру үшін қолда бар барлық әлеуетті пайдалану жолдары қарастырылды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы бүгінгі келіссөздер қазақ-румын өзара іс-қимылын дамытудың жаңа кезеңін ашатынына сенім білдірді. «Соңғы үш онжылдықта Қазақстан мен Румыния саяси диалог пен жемісті экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Кешенді күн тәртібін ілгерілетудің салмақты заңнамалық базасы мен тиімді екіжақты тетіктері құрылды», – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.

Өз кезегінде М. Чолаку көп қырлы екіжақты кооперацияны тереңдетуге деген көзқарасын растады. «Біз Еуропалық одақтың стратегиялық серіктесі – Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз және энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты басым салаларда үйлестіру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдауды ұсынамыз», – деп атап өтті Премьер-министр.

Тараптар бірлескен үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін белсенді пайдалануға, сондай-ақ бейінді министрліктер басшыларының сапарларымен алмасуға уағдаласты.

Сол күні Министр М. Нұртілеу Парламент Сенатының Төрағасы Н. Чукемен кездесті.

Тараптар парламентаралық және саяси диалогтың даму динамикасын жоғары бағалады, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Достық топтарының қызметін жандандыру арқылы екі елдің парламенттері арасындағы байланысты нығайту және екі елдің заң шығарушылары арасында сапарлар алмасуды ұйымдастыру уағдаластығына қол жеткізілді.

  • 13.12.2023
  • 169
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика