• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сахиев С.К.
Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ядролық физика институтына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің сапары

Ядролық физика институтында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды. Сапар барысында Министр Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін жүргізетін атом өнеркәсібіндегі жетекші ғылыми ұйымының ғылыми және өндірістік қызметімен танысты. Министр Қазақстандағы жалғыз ССР-Қ стационарлық ғылыми-зерттеу реакторын, «Aqua dress» гидрогелді танытқыштардың өндірістік цехының қайта жаңартылған ғимаратын, сондай-ақ «DUNE» Халықаралық эксперименті үшін  Институт мамандары құрастыратын straw-детекторлар ғимаратын аралады. Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуына елеулі үлес қосатын ғалымдардың бірқатар жобалар қатарымен танысты.

Реакторға бару барысында орталық залда Министр реактордың негізгі техникалық сипаттамаларымен танысты. ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторында іске асырылып жатқан ағымдағы және болашақ жобалар таныстырылды, атап айтқанда, Атом энергиясы қауіпсіздігі мәселелері зертханасының меңгерушісі Әсет Шаймерденов Физика-техникалық институтымен (Қазақстан) және Chiyoda Technology Corporation (Жапония) бірлесіп, жартылай өткізгіш материал алуға көмектесетін кремнийді нейтронды-трансмутациялық легирлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қазақстанда электрондық өнеркәсіп құру, бұл өз кезегінде Қазақстанның дамыған елдер қатарына кіруіне елеулі үлес қосады. Бас инженердің орынбасары Бақдәулет Мұхаметұлы Министр Саясат Нұрбекке 10 Халықаралық орталықпен бірлесіп пайдаланушы бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Ультра суық нейтрондар» мега-сайенс жобасы туралы баяндады. Сондай-ақ зерттеу реакторында жүргізілген нейтронды радиография зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Әрі қарай Министр бақылау терезелерімен және қашықтан басқарылатын манипуляторлармен жабдықталған «ыстық камераларға» барып, құрылғы жұмысын бақылады. Арнайы манипуляторлар қызметкерлерге радиоактивті өндіріспен қауіпсіз режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Содан кейін Ғылым және жоғары білім министрі гидрогелді  танышқыштар өндірістік цехының қайта жаңартылған ғимаратымен танысты.

Айта кетейік, өткен жылы Институт «Ғылым қоры» АҚ-ның ГОСТ ISO 13485 стандартының заманауи талаптарына сәйкес келетін гидрогелді таңғыштарын өндіру учаскесін құру грантын жеңіп алды. Осы жоба аясында жұмыстың бірінші кезеңі — өндірістік учаскені дайындау және жабдықты сатып алу жұмысы аяқталды. 2024 жылы сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды жүргізу және медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне таңғыштарды тіркеуге беру жоспарлануда. «Aqua dress» гидрогелий таңғышы полимер тізбектерінің қосылуын және таңғыштың стерильділігін қамтамасыз ететін тиісті энергиямен иондаушы сәулеленуге ұшыраған табиғи және синтетикалық полимерлерден құралған. Олар ішкі нарықтағы мынадай нысаналы тұтынушылар үшін әзірленген: Қазақстан Республикасының медициналық мекемелері (клиникалар, ауруханалар, күйік орталықтары, жедел жәрдем орталықтары) және т.б.

Сондай-ақ, сапар аясында Саясат Нұрбек Институт мамандарының халықаралық DUNE эксперименті үшін құрастыратын straw-детекторлар ғимаратында болды.

Сонымен қатар, бас директор Саябек Сахиев Министрге ғылыми қызметкерлердің басылымдық жетістіктері туралы баяндап, Институт  соңғы 5 жыл ішінде Web of Science деректер базасында жарияланған еңбектер саны бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ 30-дан астам ұйымдармен халықаралық серіктестік, Қазақстанның NA-62, HIKE халықаралық мега-ғылым жобаларына интеграциясы, MIT-мен ынтымақтастығы, NA64 және n_TOF (CERN) және DUNE (Febmilab, АҚШ) сынды Халықаралық ынтымақтастыққа қатысу жайын айтты.

  • 14.12.2023
  • 239
Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

Сахиев С.К.
(Мұрағат)

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика