• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың Көктем мейрамымен құттықтау сөзі

Қадірлі қазақстандықтар!

Міне, қылышын сүйреткен қаһарлы қыстың орнын, жаңару мен жаңғыру мезгілі көктем қайта басты.

Дәл осы сәтте, арулардың мерейлі мейрамы – Халықаралық әйелдер күнін атап өтетініміз де көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, нәзік жандар қауымы арқалаған жүктің жауапкершілігі зор, салмағы ерен. Бұл замандастарымыз өмірдің барлық саласына белсене араласып, ерлермен қатар қыр-cыры күрделі мамандықтарды игере білуде. Осы орайда ең таңғажайып тұсы сол, әйелдер жағы жұмысын толық беріліп атқарып қана қоймай, отбасы – ошақ қасында жақындарына махаббат пен үміт, жылулық пен жасампаздық қуатын сыйлауда. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та әйел адамның отбасы ұйытқысы екенін, яғни тұтас мемлекеттің сенімді тіреуі екенін үнемі айтып келеді.

Расында қазақ халқы қыз балаларын барша жұртпен тең ұстап, ардақты ана атын аса қамқорлықпен аялаудан жаңылған емес.

Қымбатты апа-қарындас, қатарлас-құрбылар, жалпы әйелдер қауымы шын жүректен осы бір ерекше мейраммен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздерге мықты денсаулық, ырыс-береке және мол бақыт тілеймін! Лайым көктемнің көрікті күні жақындарыңыз жан-жақтан бөлеп тастайтын ізгі ниеттердің ортасында шалқып жүре беріңіздер!

Ежелден келе жатқан шежірелі төл мейрамымыз Наурыздан да күтеріміз көп! Өйткені еліміз үшін негізін бейбітшілік пен келісім, жақсылық пен мейірімділік сияқты ұғымдар құраған бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы шексіз.

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа молшылық пен бақыт, қуаныш әкелсін!

Барша қазақстандықтарға ашық аспан, қажымас қайрат, аста-төк табыс, сарқылмас шабыт тілеймін!

Қазақстан Республикасының

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Тамара Дүйсенова

  • 07.03.2017
  • 11756
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика