• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев журналистердің сұрақтарына жауап беріп, биржалық сауданы дамыт туралы айтты

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Сауда және интеграция министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп Биржалық сауда мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірледі

Заң жобасымен үш негізгі тапсырманы шешуге бағытталған шаралар ұсынылады:

Біріншісі – биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдату және мемлекеттік бақылауды күшейту.

Екіншісі – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өтуін болдырмау.

Үшіншісі – отандық өндірушілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.

«Біз жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу бойынша NADLOC тауарларының, жұмыстар және қызметтер тізілімімен үйлестірілген мамандандырылған электрондық сауда алаңдарына көшіруді ұсынамыз. Электрондық алаңдарға еркін кіру үшін отандық өндірушілер үшін алымдар мен жарналарды алып тастау ұсынылады», - деді Арман Шаққалиев.

Мемлекеттік сатып алуларға ұқсас Биржалық сауда-саттықтың жосықсыз қатысушыларының тізілімі енгізілетін болады.

Заң жобасында биржаларды шағын және миркокәсіпкерлік субъектілері санатынан шығаруды.

Монополияға қарсы орган енді тауар биржасын жасаған бұзушылықтар үшін лицензиясын тоқтата тұруға және одан айыруға құқылы. Бұған дейін заңнамада ондай болмаған.

Сондай-ақ, заң жобасында автоматтандырылған жеделдетілген өтінім беру (боттар) технологияларына тыйым салуға бағытталған түзетулер бар. Тауар биржасы оны бақылауға міндетті.

Қатысушылар мен мәмілелер бойынша барлық мәліметтер ашық қолжетімділікте жарияланатын болады (сауда-саттық қорытындылары шығарылғаннан кейін).

Сауда-саттыққа қатысу үшін жарналар мен төлемдердің бірыңғай максималды мөлшерін белгілеуді ұсынамыз. Бұл мәселені саралап (дифференциалды) қараймыз.

«Үстем нарық субъектілері үшін делдалдар арқылы сауда-саттыққа шығуды шектеу және олар үшін дилер мәртебесін бекіту ұсынылады (яғни өз атынан және өз мүддесі үшін). Сондай-ақ сауда-саттықтың басты қатысушылары - брокерлер мен клиринг орталықтарын қаржы мониторингі субъектілерінің санатына қосу ұсынылады», - деп атап өтті министр.

Биржаға шығуды ынталандыру ретінде:

- ӘМАТ-тың отандық тауар өндірушілері үшін – ҚҚС төлеу кезінде есептеу әдісін қолдану;

- ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін (қазір 15 күн);

- сондай-ақ, ҚТЖ-мен бірлесіп биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған т/ж тарифтерін қайта қарау ұсынылады.

Нәтижесінде, биржалық сауда сауданың, экономиканың және отандық өндірістің өсуінің маңызды драйвері болуы керек. Ашық нарықтық бағаны қалыптастыру және биржалық саудаға қатысушылардың ақша ағындарын бақылауды күшейту негізгі нәтиже болады.

 

  • 19.12.2023
  • 193
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика