- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Есептік ғылыми-техникалық конференция басталды
Бүгін Институтта есепті ғылыми-техникалық конференция басталды. Аталған конференция институттың ғылыми-техникалық тобы ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде орындалған жұмыстардың, гранттық қаржыландыру жобаларының және халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың, Лира объектілерін кешенді зерттеу және мониторингілеу бағдарламасы бойынша жұмыстардың және ғылым қоры жобасының нәтижелерін ұсынатын ақпараттық алаң болып табылады. Конференцияны ұйымдастырудың негізгі мақсаты Институтта өткізілетін ғылыми жобалар мен зерттеу нәтижелерін талқылау және талдау болып табылады. Ғылыми-техникалық конференция аясында барлығы 55 баяндама жоспарланды.
Конференция жұмысын бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Нұржан Садуев құттықтау сөзімен ашып, жиналғандарды ғылыми-техникалық конференция бағдарламасымен таныстырды.
Бас директордың ғылым жөніндегі кеңесшісі Насурлла Буртебаев өз сөзінде осындай конференция өткізу дәстүрін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Аталған есептік ғылыми-техникалық конференция Институт қызметкерлеріне ғылыми-техникалық топтың ғылыми жұмыстарынан хабардар болуға мүмкіндік береді жеткізді. Сондай-ақ ол биылғы жылы есептік ғылыми баяндамалар саны үш есеге артқанын атап өтті.
Айта кетейік, есептік ғылыми-техникалық конференция 22 желтоқсанға дейін жалғасады. Жұмыс қорытындысы бойынша келесі жылдарға арналған ғылыми жоспарлар түзетілетін болады.
- 20.12.2023
- 135