- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
АҚШ Елшісімен кездесу
АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Розенблюм мырзамен экология және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін талқыладым.
СОР28 конференциясы барысында Қазақстан метан бойынша Жаһандық міндеттемеге қосылғанын атап өттік.
Ұлттық мұнай-газ компанияларында метан шығарындыларын азайту жөніндегі шараларды енгізу нәтижесінде шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 2020 жылғы деңгейден 2%-ға, ал көмір өнеркәсібінде және қалдықтар түзу секторында 4,9%-ға қысқарту жоспарланғанын хабарладым.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде жұмыс жалғасып жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар, еліміздің ірі кәсіпорындарында ең үздік қолжетімді техниканы енгізу және шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі туралы айтылды.
Кездесу соңында жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
- 22.12.2023
- 198