- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылы АӨК субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау саласындағы ахуал туралы айтылды. Айта кетейік, фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Ал субсидиялар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын өтейтін мемлекеттік қызметтерге жатады. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналыспайтын бірде-бір өтініш беруші субсидия ала алмайды.
Барлық қызметтер мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген. Бұрын қолданыста болған жеке жүйеден (Абоненттік төлем үнемі өсіп отыратын) тегін мемлекеттік жүйеге көшу фермерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайтуға және шаруалардың жеке жүйеге қол жеткізгені үшін кететін шығыстарын 1 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді. 2023 жылы субсидиялауға шамамен 500 млрд. теңге бөлінді: мал шаруашылығы бойынша-115,9 млрд. теңге; өсімдік шаруашылығы және қаржы құралдары бойынша-318,1 млрд.теңге. Сондай-ақ егін және мал шаруашылығын қолдауға Үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінді.
Пайдаланушылардың көбеюі мемлекеттік ақпараттық жүйеде енгізілген "күту парағы" механизміне байланысты. Фермерге енді тиісті бюджетті күтудің қажеті жоқ, ол өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өтініш береді. Мақұлдауды алғаннан кейін өтінім "күту парағына" берілген уақыт бойынша қатаң кезекпен түседі және қосымша іс-қимылсыз одан әрі төлемді күтеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы басқармалары ағымдағы өтінімді қарастырмай келесі өтінімге кіре алмайды. Өтінімдер тізілімі және "күту парағы" ашық қолжетімділікте орналастырылған.
Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар: мал шаруашылығын субсидиялау (қаржыландыру көлемі – 115 млрд теңге); пестицидтерді субсидиялау (32 млрд теңге); тыңайтқыштарды субсидиялау (33 млрд теңге); инвестициялық субсидиялар (110 млрд теңге); тұқымдарды субсидиялау (11 млрд теңге); өнімді қайта өңдеуді субсидиялау (20 млрд теңге); пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (83 млрд теңгеден астам).
Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңге құрайтын қолдау мақұлданды. Жыл соңына дейін шамамен 83 млрд теңге ай сайынғы төлемдермен пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылданған міндеттемелер бар Сонымен қатар, жаңа субсидиялау жүйесінде енгізілген өтінімдер тізілімі ағымдағы жылдың соңына дейін бюджетті бағалауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қолдауының арқасында барлық түрдегі жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу қарқыны, сондай-ақ мал және Өсімдік шаруашылығы саласы кәсіпорындарының инфрақұрылымын салу, кеңейту және дамыту кезінде инвестициялық субсидиялар көрсеткіші өсті. Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту көрсеткіші де артты.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық үлгідегі жаңа ауыл шаруашылығы техникасын алу қарқыны, сондай-ақ мал және өсімдік шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындардың құрылысына, инфрақұрылымын кеңейтуге және дамытуға инвестициялық субсидиялау қарқыны өсті. Шағын және орта шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдау шараларын қамту қарқыны артып келеді.
Осы көрсеткіштерді ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларынан сұранысы аз субсидияларды алып тастау және қаражатты сұранысы жоғары қызметтерге қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні ең сыбайлас және тиімсіз 10 субсидия төлқұжаттары алынып тасталды (күн батареялары, бұқаларды жалға алу және т.б.).
Бұдан басқа, 2023 жылы фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын бөлу процесі толығымен автоматтандырылды. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егісті ескере отырып автоматты түрде есептеледі. Фермерге егістік дақылдарын растау, операторды таңдау және ЭЦҚ өтініміне қол қою қажет. Өтінім жалпы көлемі қалыптастырылатын және уәкілетті министрлікке жіберілетін облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларына жіберіледі. Онлайн режимінде әр оператордан сатып алынған көлем мен отын қалдықтары бақыланады. Бұл процесс дизель отынын шығару процесін мүмкіндігінше ашық етуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, фермерлер тарапынан бірқатар қызметтер бойынша өтінім берудің күрделілігіне байланысты жаңа мемлекеттік жүйенің жұмысына шағымдар бар. Барлық ескертулер бақылауға алынды, 2023 жылдың қыркүйегінде АШМ ақпараттық жүйенің ережелері мен техникалық аспектілерін жеңілдету мақсатында салалық құрылымдар мен әзірлеушілер қатарынан жұмыс тобын құрды. Барлық жұмыстар биыл аяқталады.
- 22.12.2023
- 172