• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЖЫЛУ, БАСПАНАМЕН ҚАМТУ, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Жиында қала аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту шаралары мен осы бағыттағы мәселелердің шешімі қарастырылды. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және жыл соңына дейін пәтер сатып алу жұмыстары пысықталды. Тоқтап тұрған құрылыс нысандары бойынша қабылданып жатқан шаралар да аппарат мәжілісінің күн тәртібінде қаралды.

🔷 Айта кетейік, биыл қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 100 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Биылдан өтпелі 64 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын келесі жылы жалғастырып, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

🔷 Жалпы, биыл қалада жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 405 пәтер сатып алуға қаржы қарастырылған. Осыған дейін жастарға 554, халықтың әлеуметтік осал топтарына 363 пәтер сатып алынған. Қалған 458-і жыл соңына дейін сатып алынады.

 🔷Қала аумағында соғылған ғимараттарды зерделеу барысында құрылысы толық аяқталмай, тоқтап тұрған 10 нысан анықталды. Олар қала көркіне кері әсер етіп қана қоймай, тұрғындарға да қауіп төндіруде. Қазіргі таңда барлық ғимараттың меншік иелері анықталды. Тиісті басқармалар тарапынан нысандардың аумағын қоршау, құрылысты бұзу немесе әрі қарай пайдалану бойынша келіссөздер жүргізіледі.

🔷 Қала басшысы жауаптыларға тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарын жандандырып, халықтың қауіпсіздігін алдын алуда кешенді шараларды шұғыл түрде қолға алуды тапсырды.

  • 25.12.2023
  • 176
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика