- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Іздестіру және экстрадициялау тиімділігін арттыру туралы
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткіздім, онда 2021-2022 жылдары және а. ж. өткен кезеңде анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынған адамдарды іздестіру жөніндегі құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселелері қаралды.
Іздестіру жұмысына қолданылатын цифрлық технологияларды кеңінен енгізудің және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттық жүйелерін барынша интеграциялаудың маңыздылығын айтылды, олар тергеу органдарына жасырын тұлғалардың мемлекеттік, банктік, медициналық, көлік қызметтерін алғаны туралы уақтылы сигнал беруі тиіс.
Талқылау қорытындысы бойынша іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған, оның ішінде «Интерпол» ұлттық бюросының желісі бойынша әдіснамалық және нормативтік сипаттағы шаралар кешені әзірленді.
- 26.12.2023
- 152