- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Алматы облысына іс сапар туралы
Қылмыстық процестік кодекстің жаңа нормаларын сақтау бойынша прокуратура мен полицияның аумақтық органдарын тексеруді жалғастырудамын.
Бұл жолы Алматы облысында болдым.
Өңірдегі заңдылықтың жай-күйімен, сондай-ақ прокурорлардың маңызды шешімдерді келісу процесімен таныстым.
Қабылданған шешімдерді қадағалаудың электрондық форматы органдардың жұмысын және олардың өзара іс-қимылын жақсартқанына көзім жетті.
Бұл уақытты үнемдейді және процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бірақ әлі де жетілдіретін тұстары бар, атқаратын жұмыс көп.
Сондықтан жиналыс өткізіп құқық қорғау органдарының басшыларына нақты тапсырмалар бердім.
- 27.01.2021
- 374