• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидалары бекітілді

2023 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының №443 Бұйрығымен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несие беру қағидалары бекітілді.

Шағын несиелер өтініш берушілерге мерзімі, төлеу, қайтару, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда беріледі:

1) шағын несие беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) шағын несиенің ең жоғары мөлшері 2 500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.

Бұрын алынған шағын несие бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта несиелеу кезінде шағын несиенің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, шағын несие бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ шағын несиенің ең жоғары мерзімінің 1/2 (бір екінші) бөлігінен ерте емес;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%-дан (екі бүтін оннан бес) аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімін құрайды;

6) шағын несие беруге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

Елді мекендердің (әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының кірістерін арттыру жобасын іске асыру шеңберінде шағын несиелер алуға өтініш берушілерге мына азаматтар жатады:

1) жұмыссыздар;

2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;

3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;

5) «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері;

6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, ол 16 мыңнан астам шағын несие беруге бағытталады. Бұл 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

  • 28.12.2023
  • 269
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика