- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою үшін күштер мен құралдар топтары құрылды
Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар санында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды.
Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» акционерлакционерлк қоғамының әуе кемелері тұрақты дайындықта болады.
«Құтқару операцияларына қатысуға Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де дайын.
Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тәжірибелік пысықтау Ақтөбе қаласында басқарма штабымен «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде жүзеге асырылатын болады»,- деп ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында атап өтті.
Азаматтардың «Қауіпсіздік мәдениетін» арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
- 09.01.2024
- 209