- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.
Мегаполисте өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26 пайызға артып, 724,3 миллиард теңгені құрады. Былтыр 1 триллион теңгеден астам соманың өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қала әкімінің мәліметінше, өңірде өнеркәсіп саласын дамыту үшін жалпы аумағы 867 гектар болатын 5 өндірістік аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары қолға алынып, инвестициялық жобалардың пулы жасақталған.
- 17.01.2024
- 177