• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Арман Шаққалиев: 2030 жылға қарай электрондық сауда үлесін 20% дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз

Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 2023 жылдың он бір айында шамамен 2,2 трлн теңгені немесе бөлшек сауда көлемінің 13%  құрады. Бұл туралы Үкіметтің апта сайынғы отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылы электронды коммерция көлемі 12,5% құрады, бұл 1,9 млрд теңгеден сәл артық көрсеткіш. Қазақстандықтардың интернет-платформалардан жиі сатып алатын негізгі тауарлары: үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика мен дәрі-дәрмек болды.

Бұл ретте 2022 жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда қызметтер нарығының көлемі шамамен 1,2 млрд теңгені құрады, оның 50,3%-ы немесе 596,8 млрд теңгесі жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.

Арман Шаққалиев атап өткендей, Сауда және интеграция министрлігінің алдында электрондық сауда үлесін 2030 жылға қарай 20% - ға жеткізу міндеті тұр. Осыған байланысты 2025 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. E-commerce саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін түзетулер әзірленді, олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң жобасы шеңберінде ҚР Парламенті мәжілісінде қаралады. Маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, кейбір электрондық сауда алаңдарында қазақстандық өнімдер үшін арнайы бөлімдер құрылды, қазақстандық тауарларды іздеу нәтижелерін шығаруда басымдық беріледі. Қытайдың Alibaba және JD.com ірі маркетплейстерінде ұлттық павильондар ашылды.

«Бүгінгі таңда Alibaba платформасында 7500 отандық тауар ал JD.com-да тауарлардың 30 түрі ұсынылған. 1 млн жазылушысы бар маркетплейстің арасында 30-ға жуық сұранысқа ие қазақстандық өнімнің атауы бар», - деді Сауда және интеграция министрі.

2023 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша JD.com арқылы қазақстандық өнімдердің сатылымы 140 мың доллардан асты

Қазақстанда екі ірі ресейлік маркетплейстер – Ozon және Wildberries жұмыс істейді. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Ozon алаңында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны – қырық бес мың төрт жүз, Wildberries аланында –  елу бес мың жеті жүз төрт.

Арман Шакқалиев өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын, жеке тұлғалардың электронды түрде қызмет көрсетумен айналысатын шетелдік компаниялар үшін  Google салығы (импорт салығы) енгізілгенін еске салды. Нәтижесінде 2023 жылы Қазақстанда шартты тіркеуден 60 шетелдік компания өтті, ал олар екі жыл ішінде төлеген салық сомасы 34,8 млрд теңгені құрады (2022 ж. – 16,4 млрд теңге, 2023 ж. – 18,4 млрд теңге).

Электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде  2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшін  Қытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарлануда.

«Сонымен қатар, Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жалғастырылатын болады», - деп жоспарларымен бөлісті Арман Шакқалиев.

Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын 60-тан 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан жыл сайын электрондық сату арналары арқылы басқа елдермен сауда көлемін 100 млн долларға ұлғайтуды көздеп отыр. Осы мақсатта ҚР Сауда және интеграция министрлігі Орталық Азия серіктестерімен әлемдік маркетплейстерде бірлескен павильонның ашылуын талқылауға ниетті, сонымен қатар, өңір қолөнершілерінің тауарларын "Nomads of Central Asia"брендімен ұсынуға болады.

Шағын және орта кәсіпкерлерге кешенді мемлекеттік қолдау көрсету үшін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп барлық өңірлерде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бүгінде мұндай орталықтар еліміздің төрт облысында ғана жұмыс істейді.

  • 17.01.2024
  • 256
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика