• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сақтандыру дауларын сотқа дейін міндетті реттеу

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманына жүгіну сақтандыру дауларын реттеу бойынша сотқа жүгіну алдындағы міндетті қадам болып табылады. Тиісті заңнамалық түзетулер 2022 жылдың жазында қабылданды.

Қазақстанда сақтандыру омбудсманы институты 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Сақтандыру омбудсманы – бұл жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы дауларды сотқа дейінгі шешуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз тұлға.

Сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) ретінде жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері әрекет ететін сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына міндетті автосақтандыру шеңберінде ғана жүгіне алады.

Адамдардың келіспеушіліктері бойынша талаптардың сомасы 2024 жылғы жағдай бойынша 10 000 АЕК немесе 36,9 млн теңгеден аспауға тиіс.

Сақтандыру омбудсманы дауласқан екі тарапты да тыңдайды, ұсынылған құжаттаманы зерделейді, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұратады, клиент үшін дербес және өтеусіз келтірілген залалдың мөлшеріне қосымша бағалау жүргізеді, шешімдер шығарады және қолданыстағы заңнама шеңберінде ұсыныстар мен түсініктемелер береді.

Сақтандыру омбудсманына жүгіну үшін сақтандыру ұйымының клиентіне арнайы заң көмегі талап етілмейді. Омбудсман заң бойынша өзіне жүгінген тараптың мүдделерін білдіреді және оның сақтандыру ұйымдарының клиенттері үшін көрсететін қызметтері ақысыз болып табылады. Бірақ, әрине, клиенттің қалауы бойынша омбудсманның мүдделерін басқа адам білдіруі мүмкін, оның ішінде клиент осы мақсаттар үшін заң кеңесшісін тарта алады. Бұл жерде мұндай заң кеңесшісінің қызметтерін клиенттің дербес төлейтінін түсіну маңызды. Омбудсман клиенттің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда, омбудсман бұл шешімді сақтандыру ұйымына орындауға жібереді, алайда оның клиенттің омбудсманда дауды шешу барысындаөз қалауы бойынша жұмсаған шығындарын сақтандырушының төлеуін талап етуге құқығы жоқ.

Сақтандыру омбудсманының шешімі, егер клиент қабылданған шешіммен келіссе, сақтандыру ұйымының орындауы үшін міндетті.

Сақтандыру ұйымының клиенті сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, клиент өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде өтініш беруші дауды сотқа дейінгі реттеудің міндетті кезеңінен өткенін растау ретінде сақтандыру омбудсманының шешімін ұсынуы қажет.

Сақтандыру нарығындағы дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеу рәсімі сот жүйесіне жүктемені азайтып қана қоймайды, сонымен қатар азаматтар үшін келіспеушіліктерді реттеу процесін жеңілдетеді және оңтайландырады, бұл тұтастай алғанда сақтандыру жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

  • 17.01.2024
  • 245
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика