- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін қала басшысы Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында бірыңғай жеке қабылдау күні өтті.
Кезекті қабылдауда жер телімін заңдастыру, тұрғын үйді реновациялау, жол және инфрақұрылым жүйесі бойынша мәселелер көтерілді. Жалпы, 150-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды.
Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты. Бозарық-2 елді мекенінің тұрғыны, қоғам белсендісі Александр Подвиг бұқаралық спортты дамыту аясында спорт мектебін салу және жер телімін заңдастыруды сұрады. Қала әкімі аталған елді мекенде спорт нысанының құрылысы қарастырылатынын айтып, жер телімі бойынша заң аясында зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы азаматтарға шешімін күткен мәселелер басты назарында болатынын түсіндіріп, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.
- 18.01.2024
- 174