• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша 550 ұсыныс енгізілді

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Агенттікке мониторинг және талдау жүргізу бойынша функция жүктелгені мәлім.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша  өткен жылы талдау сауда және интеграция, қаржы, халықаралық қатынастар, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар сынды 5 салалық бағыт бойынша жүргізілген.

Мониторинг қорытындысы бойынша адам қажеттілігіне және сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағдарланған, сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, олар:

- мемлекеттің қатысуы тиімсіз, квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, 200-ден астам ұйымды тарату және қайта ұйымдастыру немесе олардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру;

- жергілікті атқарушы органдардың 70-тен астам функцияларын төменгі деңгейге түсіру арқылы оңтайландыру;

-  100-ге жуық қызмет алу кезіндегі төленетін мемлекеттік бажды және мемлекеттік органдармен салынатын бірқатар айыппұл түрлерін алып тастау;

- мемлекеттік қызметтердің 50 түрі бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялау мүмкіндігін қарастыру сынды ұсыныстар.

МҚІА басшысы атап өткендей, мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша 550-ден астам кейстер дайындалды. Ұсыныстардың 152-сін іске асыру үшін заңнамалық деңгейде шешімдер қабылдауды қажет етеді.

Мәселен, осындай заңнамалық бастамалар облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы жер комиссиясы институтын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қызмет берушілердің жауаптылығын арттыруға және қызмет көрсету процесстері мен мерзімдерінің қысқаруына әсер етеді.

Дархан Жазықбай алдағы уақытта әкімшілік кедергілерді және бюрократиялық әуре-сарсаңның жойылуын қамтамасыз ететін арнайы заң жобасын әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша биыл сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оны бюрократиядан арылту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.

2024 жылы көлік, өнеркәсіп және құрылыс салаларында бюрократиядан арылту бойынша талдау жұмыстары жүргізілетіндігі атап өтілді.

 

  • 19.01.2024
  • 242
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика