• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2023 жылы МӘСҚ-тен шамамен 1,3 млн адам әлеуметтік төлем алды

2023 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) шамамен 1,3 млн қазақстандық 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 70%-ға көп.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген 30%-дан 100%-ға дейінгі дәрежеде және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады.

2023 жылы аталған төлемді 38,7 млрд теңге сомасына 100 мыңнан астам адам алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 47 445 теңгені құрады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға  бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Өткен жылы аталған төлем асыраушысынан айырылған 64,3 мың отбасыға 26,8 млрд теңге сомасында берілді, бұл 2022 жылғы сомамен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 51 574 теңгені құрады.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Негізгі шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Төлем мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтарда 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылған жұмыссыз ретінде тіркелу алдындағы соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және табысты алмастыру коэффициентіне байланысты болады.

2023 жылы бұл төлем 49,9 млрд теңге сомасында төленіп, оны 224,1 мың адам алды, бұл 2022 жылғы алушылар санынан 2 есе артық. Өсім Отбасының цифрлық картасын енгізумен байланысты, оның шеңберінде жұмысынан айырылу бойынша төлем проактивті түрде тағайындалады, сондай-ақ азаматтардан Электрондық үкімет пен Электрондық еңбек биржасы порталдары, сондай-ақ кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға өтініштер берудің электрондық нысанын талап етумен байланысты. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері шамамен 60 мың теңгені құрады.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.

2023 жылы бұл біржолғы төлемді жалпы сомасы 348,2 млрд теңгеге 287,5 мың адам алды, бұл 2022 жылғы сомамен салыстырғанда шамамен 2 есе көп. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 244 813 теңгені құрады.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

2023 жылы бұл төлем 312,7 мың адамға тағайындалды, оның ай сайынғы орташа мөлшері 68 957 теңгені құрады. Төлем 287 млрд теңге сомасына жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 67%-ға көп. Көрсетілген төлемнің өсуі 2023 жылғы қаңтардан бастап төлем кезеңінің бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғаюымен байланысты.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

  • 22.01.2024
  • 202
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика