- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
БАӘ-ге бару туралы
Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, Әділет министрі Абдулла бин Сұлтан бин Ауад әл-Нуайми және Бас прокурор Хамад Сейф әл-Шамсимен кездесулер өткіздім.
Ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Араб тарапының оларды қайтару мақсатында заңсыз шығарылған активтерді іздеу үшін жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесімен таныстым.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен БАӘ Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
- 25.01.2024
- 181