- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
БЕЙБІТ АТОМДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бүгін Өскемен қаласында Ядролық физика институты (Институт) мен Үлбі металлургия зауыты (ҮМЗ) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы мәлімдеді.
Бейбіт атомды пайдалану жөніндегі жалпы мақсат мен Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамытуға қосқан үлесі екі ұйым арасындағы меморандумда көрініс тапты. ҮМЗ технологиялық мүмкіндіктері мен ЯФИ ғылыми-эксперименттік мүмкіндіктерін біріктіру — құжаттың негізі.
Жасалған құжат атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық бойынша екі тараптан ғалымдар қатарынан жұмыс тобын құруды көздейді. Ядролық физика институты мен Үлбі металлургия зауытының бай тәжірибесі жасасқан одақты нәтижелі және жоғары ғылыми етеді. Ынтымақтастық атомды бейбіт мақсатта пайдалануды дамытуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Мысалы, тараптар "Үмбі металлургия" АҚ-да Ядролық физика институтының әзірлемелерін өндірістік циклге енгізу мүмкіндігін мен бериллий мен бериллидтерден (титан, хром, тантал, молибден және т.б.) ядролық реактордың ірі компоненттерін және жаңа зерттеу реакторына арналған пластиналы ТВС және медициналық радиоизотоптарды өндіруге арналған уран нысаналарын дайындау талқыланды. Кәсіпорын өкілдері меморандумға қол қою біздің еліміздің атом энергетикасы бағытында ғылымды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенімді.
"Үлбі металлургия зауыты" АҚ Басқарма төрағасы Сергей Бежецкий:
-Біздің кәсіпорындардың жұмысы толығымен бейбіт атомды пайдалануға негізделген. ҮМЗ аумағында МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі ашылды. Сондай-ақ, біздің зауытта Ұлттық ядролық орталықтың сәулеленбеген жоғары байытылған ядролық материалының Бірлік партиясын төмен байытылған ядролық материалға қайта өңдеу жобасы жүзеге асырылды. Біз жылу бөлетін құрастырмалар шығаратын зауыт – серпінді инновациялық жобаны іске қостық және бұл "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ға АЭС үшін отын өндірушілер нарығына қатысушылардың шектеулі тобына кіруге мүмкіндік берді. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз бен біріккен ғылыми әлеуетіміз нақты нәтижелерге әкеліп, отандық экономикаға өз үлесін қосатынына сенімдімін.
Институт бас директоры Саябек Сахиев:
– Ядролық физика институты Қазақстан Республикасының радиациялық және ядролық технологиялар саласындағы жетекші ұйымы болып табылады, ол сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының пулына кіруге ұмтылады. Соңғы жылдары Институт Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары арасында халықаралық басылымдарда жарияланымдар саны бойынша бірінші орынды иеленді. Институтта ядролық және радиациялық қондырғылар жұмыс істейді, сондай-ақ жоғары білікті кадрлар бар, соның арқасында Институтта ҒЗТКЖ жоғары сапалы деңгейде жүргізіледі. Институттың эксперименттік базасын кеңейту жоспарлары бар. Атап айтқанда, медициналық радиоизотоптар мен ғылыми қосымшаларды өндіру үшін жаңа үдеткіштер құру, ядролық құзыреттерді сақтау және көбейту үшін жаңа зерттеу реакторын салу. Бүгінгі меморандумға қол қою өндіріс пен ғылымды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл Қазақстан Республикасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытудың драйвері болады. Біз Үлбі металлургия зауыты басқарма төрағасы Сергей Бежецкийге және бүкіл ұжымға өзара тиімді ынтымақтастық жоспарларын жылы қабылдағаны және жемісті талқылағаны үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді.
Үлбі металлургия зауытына сапары барысында ЯФИ делегациясы негізгі өндірістер мен мұражайға барды.
- 01.02.2024
- 199