- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Арман Шаққалиев әкімдіктермен нарықтарды модернизациялау туралы жиын өткізді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков және Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы базарларды модернизациялау мерзімдері бойынша қала әкімдіктерімен онлайн жиналыс өткізді.
Ресми статистикаға сәйкес елімізде 722 сауда нарығы тіркелген. Олардың 460-ы әмбебап, олар заңнамаға сәйкес стационарлық және қала құрылысы, санитарлық, өрт нормаларының стандарттарына сай келуі тиіс.
Нарықтарды сәйкестендіру және оларды модернизациялау 2015 жылдан бастап белгілі болды. Сол кезде сауда қызметін реттеу туралы заңға түзетулер енгізіліп, иелерін 2020 жылға қарай нарықтарды жаңғыртуға міндеттеді. Кейіннен бұл мерзімдерді үш рет ұзартты. 2023 жылға дейін Астана, Алматы және Шымкент базарлары жаңғыртудан өтуі тиіс болатын, облыстар үшін мерзім 2025 жылға дейін белгіленген. 2023 жылғы желтоқсанда Сауда министрлігі барлық сауда нарықтары үшін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бірыңғай мерзім белгілеуге бастамашы болды. Жаңғыртуды уақытылы аяқтау үшін Жол картасы қабылданды. Жол картасының орындалуын бақылауды Үкімет қана емес, Парламент те жүргізетін болады, бұл туралы жиналысқа қатысқан әкімдік қызметкерлеріне хабарлады.
«Естеріңізге сала кетейік, мерзімнің ұзартылуы Мәжілісте талқылауға шығарылды, ұзақ келіссөздерден кейін депутаттар соңғы мерзімді кейінге қалдыру туралы айтты, нарықтарды жаңғыртуды ресми түрде 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты. Бұл соңғы мерзім және базар иелеріне кезекті ұзартуды күтудің қажеті жоқ. Бізге жетекшілік ететін орган ретінде парламенттік бақылау жүргізіледі, біз өзімізге міндеттеме алдық. Бүгін біз әрбір уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде бір апта ішінде барлық нарықтарды жер учаскесінің нысаналы мақсатына, нарықтардың азаматтық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық талаптарына, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы заңнамасына сәйкестігіне түгендеу жұмыстарын жүргізуі үшін жиналдық», - деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Мерзімді ұзарту жобасы әлі Сенатта. Бірақ депутаттар әкімдердің көктемде Мәжілістің кеңейтілген отырысында нарықтарды жаңғырту туралы есеп беретіндіктерін ескертіп қойды.
«Біз сіздердің жұмысыңызды парламенттік бақылауға аламыз. Әкімдермен жеке кездесу өткізіп, есептерді тыңдайтын боламыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдарды өз құзыреттері бойынша тыңдайтын боламыз. Біздің бірінші міндетіміз тұтынушыларға жағдай жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заманауи талаптар мен стандарттарға, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне сәйкес сатушыларға жағдай жасау», - деді Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы.
Сауда және интеграция министрінің тапсырмасы бойынша базарларды түгендегеннен кейін Сауда комитеті қалған базарларды Жол картасына енгізу бойынша жұмысты бастайды.
«Өткен сенбі күні Шымкентке барған жұмыс сапары барысында біз Жол картасына енгізілген төрт базардан басқа өңірде жаңғыртылмаған тағы 8 базардың барын анықтадық. Біз Шымкент әкімдігіне оларды Бас жоспарға сәйкес жаңғыртуға енгізуді, базарлар жаңғыртуды бастау үшін қажетті құжаттарды келісуді ұсындық», - деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.
Сауда комитетіне әкімдіктердің Жол картасын орындау жөніндегі қызметіне мониторинг бекітілген.
- 02.02.2024
- 189