- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
ҚСжАЕК қызметі туралы
Кеше кеңесте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің даму стратегиясы қаралды.
Құқықтық статистиканы одан әрі цифрландыру, прокуратура және басқа да мемлекеттік органдар пайдаланатын ақпараттық жүйелерді жетілдіру мәселелері бойынша Комитет төрағасы мен оның орынбасарларының есептерін тыңдадым.
Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау тәртібін оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Е-өтініштер» пилоттық жобасын енгізу барысы жеке талқыланды.
Барлық өңірлерді пилоттық жобаға қосуды бірінші жартыжылдықта аяқтау жоспарланып отыр.
Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
- 02.02.2021
- 257