• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоқыс шығаратын ұйымдарды (GPS) ақпараттық жүйеге қосуға қатысты

Бүгінгі таңда қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы мен экологияның жағдайын жақсарту   мәселелерін шешудің алдын алу шараларының бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын көлік қозғалысы қадағалау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 368-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) беруге міндетті.

Министрлік «Қазақстан Гарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, бұл жұмыс әзірленіп жатқан tabigat.gov.kz платформасында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Кодекстің 368-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тиісті қызметтер көрсету кезінде жоғарыда көрсетілген көлік құралдарын ақпараттық жүйеге қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және осы жүйелерді тұрақты жұмыс жағдайында ұстауға тиіс.

Осыған байланысты аталған кәсіпкерлік субъектілері ақпараттық жүйеге қосылуға және тиісті көліктің қозғалысы бойынша деректердің берілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ақпараттық жүйенің қосылуы мен жұмыс істеуіне байланысты барлық техникалық мәселелер бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің – 8 (701) 700-03-89 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Басқа мәселелер бойынша Министрліктің Цифрлық трансформация департаменті – 8 (7172) 74-14-10, Министрліктің Қалдықтарды басқару департаментіне хабарласуға болады – 8 (7172) 74-08-31.

Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

  • 08.02.2024
  • 238
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика