• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

2024 жылғы 9 ақпанда Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуының өту барысы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ҚР Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов болды.

Чингис Аринов хабарлағандай, Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау, сондай-ақ халықты және ел аумағын су тасқыны қаупі жағдайында қорғауды ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында ағымдағы жылғы 8-9 ақпан аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуға 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелері және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері, сондай-ақ волонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін функционалдық міндеттерді орындауға және төтенше жағдайларды жою кезіндегі құралдар мен күштерді басқаруға даярлау бойынша 2 кезеңде өткізілді.

Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралар барлық жерде пысықталды. Межелі пункттерге бару маршруттары жаңартылып, уақытша орналастыру пункттері дайындалды. Сондай-ақ авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі міндеттер айқындалды.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін ағымдағы көктемгі кезеңде су басу қаупіне өте бейім елді мекендер айқындалды.

Республикада су басуға бейім 1079 елді мекен бар, оның ішінде 228-і қауіп жойылды, 634-і азайтылды, 217-і қауіп сақталады.

Биылғы оқу-жаттығулар шартты көрсетілімдерсіз жаппай су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуді ұйымдастырылды.  Осы оқу-жаттығулар аясында су тасқынының алдын алу мақсатында келесі су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: ұзындығы 48,2 шақырым қорғаныш бөгендері нығайтылды, 7688 су өткізу құрылыстары тазартылды, ұзындығы 3063 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды, 300 мың тонна инертті материалдар дайындалды, елді мекендерден 8 млн. текше метр қар шығарылды.

Бұдан басқа халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы көмек ретінде бүкіл ел бойынша аулаларды, олардың үйлерінің көшелерін қардан тазарту бойынша акция өткізілді. Барлығы 4,6 мың отбасыларына көмек көрсетілді.

Оқу-жаттығу барысында волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, халықты қауіпсіздік мәдениетіне оқытуға ерекше назар аударылды.

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын барлық қызметтердің күштері мен құралдарының әзірлігі тексерілді. Олардың жалпы саны 39 мың адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 3 мыңнан астам су айдау құралдары.

Сондай-ақ, министр елдегі ауа-райының нашарлауына байланысты жағдайға тоқталды.

Ел өңірлерінде басшылығымен жедел штабтар жұмыс істейді. Оларға министрліктің республикалық штабы басшылық етеді.

Еліміздің 13 өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда блок-бекеттер қойылып, көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Орналастыру пункттерінде 1 107 адам бар.

Жалпы, 7-9 ақпан аралығында республика бойынша құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 1 426 азаматты құтқарып, эвакуациялады және 64 көлік құралын алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды қыс мезгілінде, оның ішінде автожолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

 

 

  • 09.02.2024
  • 255
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика