• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сахиев С.К.
Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ядролық физика институтының базасында атом электр станциясы үшін болашақ кадрлар даярланатын болады

Кездесу аясында Ядролық физика институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті АЭС үшін кадрларды бірлесіп даярлау туралы хаттамаға қол қойды.

Үш сатылы білім беру бағдарламасын дайындау "Ядролық физика және технологиялар", "Ядролық энергетика", "Ядролық реакторлар мен материалдар" және "Ядролық инженерия"сияқты атом электр станциялары үшін қажетті мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Хаттаманы ғылым және жоғары білім вице–министрі Дархан Ахмед-Заки, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Ғ. Дәукеев Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Мұрат Сыздықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жамила Айтжанова,  Қ.И Сәтбаев университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков.

Хаттамаға сәйкес, болашақ мамандар Ядролық физика институтының базасында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша практикадан өтеді, онда оларға ССР-Қ атомдық зерттеу стационарлық реакторында және сыни стендте практикалық дайындықтың бірегей мүмкіндігі беріледі. Жалпы білім беру пәндері бойынша теориялық дайындықты АЭжБУ, ҚазҰУ және Сәтбаев университеттерінде алатын болады.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, Ядролық физика институты еліміздің университеттерімен ғана емес, жетекші шетелдік институттармен де кадрлар даярлау бойынша табысты ынтымақтастыққа ие.

— Бірлескен ядролық зерттеулер институтымен бірлескен бағдарламаның арқасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос диплом бағдарламасы аясында 200 бакалавр және магистр студенттері дайындалды. Сондай-ақ Институт CERN, MIT сияқты ірі ұйымдармен және университеттермен ынтымақтасады. Na62, DUNE, Nike әлемдік эксперименттеріне қатысады. Кадрларды даярлау бойынша үлкен халықаралық тәжірибесі бар. Сондықтан атом электр станциясының болашағы үшін кадрларды бірлесіп даярлау еліміздің атом саласын дамытудағы маңызды қадам болады деп ойлаймын.

Таныстырылым барысында бас директор Саябек Сахиев Ядролық физика институтының АЭС үшін болашақ кадрларды даярлау бойынша барлық қажетті базасы бар екенін атап өтті.

– Институттың АЭС үшін болашақ кадрларды даярлау үшін өте үлкен тәжірибесі мен инфрақұрылымы бар, атап айтқанда, бұл зерттеу стационарлық реакторы, сыни стенд, түрлі типтегі үдеткіштер, сондай-ақ Институт базасында АЭХА (МАГАТЭ) қолдауымен үш оқу орталығы жұмыс істейді, олардың қызметі атом саласы үшін кадрлар даярлаудан тұрады. Институт базасында Қазақстан Республикасының атом саласы үшін 300 ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды.

Кездесу аясында Ғылым және жоғары білім вице-министрі мен университет өкілдері ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторына барды. ССР-Қ зерттеу реакторы – Қазақстан Республикасындағы жалғыз көп мақсатты атом реакторы, оның негізінде іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулері мен реакторішілік сынақтардан басқа, өнеркәсіп үшін медициналық радиоизотоптар мен гамма көздер өндіріледі, нейтрондық-активациялық талдау, нейтрондық радиография және нейтрондық рефлектометрия бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, зерттеу реакторына бару барысында қонақтар қуаттылығы 6 МВт болатын ССР-Қ зерттеу реакторын қуатына шығару арқылы іске қосу рәсімінің куәгері болды. Осындай салтанатты сәт ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закиге тапсырылды.

  • 09.02.2024
  • 264
Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

Сахиев С.К.
(Мұрағат)

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика