- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан ДСҰ 12-ші министрлік конференцияның негізгі басымдықтарын белгіледі
29 қаңтарда Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Швейцария Үкіметі ұйымдастырған виртуалды форматта Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдердің сауда министрлерінің бейресми кездесуіне қатысты. Министрлер ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференцияның негізгі басымдықтарын пандемия кезінде туындаған дағдарысты қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында, сондай-ақ ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды, оның ішінде балық аулауды субсидиялау жөніндегі келісім бойынша келіссөздерді аяқтау үшін жиналды.
Іс-шараны Швейцария Президенті Ги Пармелин ашты, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Сауда жөніндегі комиссары В. Домбровскис, Ресейдің Экономикалық даму министрі М. Решетников, Қытайдың Коммерция министрі В. Ван, Корея Республикасының Сауда министрі М. Ю, ДСҰ Бас директорының орынбасары А.Вульф сөз сөйледі. Жалпы, іс-шара 36 елдің сауда министрлері мен ДСҰ жанындағы өкілдіктер басшыларының қатысуымен өтті.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз сөзінде көпжақты сауда жүйесі үшін жаһандық пандемия кезеңінде ДСҰ-ны реформалау бойынша жұмысты жандандыру және ағымдағы келіссөздерде маңызды прогреске қол жеткізу бойынша бірлескен күш-жігердің маңызды екенін атап өтті.
Б.Сұлтанов ДСҰ сот органының қызметін толық қалпына келтіру және апелляциялық органның қызметін одан әрі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Әлемдік экономика мен сауданы қалпына келтіруге, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі уақытта орнықты жаһандық экономикалық өсуге электрондық сауда, инвестицияларға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді ішкі реттеу саласындағы жаңа жаһандық сауда қағидалары ықпал ететін болады.
Атап айтқанда, Министр пандемияның электрондық сауданы дамыту үшін елеулі әлеуетті және бизнес пен тұтынушылар үшін өсіп келе жатқан мүмкіндіктерді анықтағанын атап өтті. Электрондық сауда бойынша жаңа келісімді әзірлеу қарқынды жүргізілуде және МК-12 барысында осы бағыттағы нақты шешімдер үшін жақсы перспективалар бар.
Бұл сала Қазақстан экономикасында да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, карантиндік шаралар кезеңінде электрондық сауда неғұрлым ұтымды секторға айналды, соның нәтижесінде 2020 жылдың бірінші 1-ші жартыжылдығында электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд.теңгені құрады.
ДСҰ-ның электрондық сауда саласындағы жаңа келісімі осы саладағы қазақстандық заңнаманы және цифрлық инфрақұрылымды электрондық саудадағы жаңа жаһандық стандарттарға сәйкес жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өту маңызды.
ДСҰ-ның көрсетілетін қызметтер саласын ішкі реттеу жөніндегі жаңа плюрилатералдық қағидалары көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметті жүргізу шарттарының ашықтығын арттыру арқылы (рұқсат беру және лицензиялық рәсімдерді жетілдіру және көрсетілетін қызметтер саласындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар) болжамды іскерлік ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған.
Министр Қазақстан ДСҰ-ның алдағы конференция барысында келіссөздердің табысты аяқтауға және қызметтер саласындағы жаңа ережелердің қабылдануына елеулі үлес қосып отырғанын мәлімдеді, осыған байланысты жақында ұйымға болашақ ережелерді имплементациялайтын өзінің қызметтер тізбесін ұсынды. Осылайша, біз ДСҰ-ның басқа 60 мүшесіне қосылдық, олардың үлесіне жиынтығында әлемдік қызметтер саудасының 73% тиесілі.
Министр көрсетілетін қызметтер саласындағы жаңа ережелер инвестициялық ахуалды жақсартуға және көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Қазақстан ДСҰ-ға кірген сәттен бастап соңғы үш жылда көрсетілетін қызметтер саласына шетелдік инвестицияларды тартуда оң тренд байқалады, олар 30% - ға дейін ұлғайды. Жалпы, Қазақстанның ЖІӨ-дегі қызметтер секторының үлесі шамамен 56% - ды құрайды.
Бұдан басқа, ДСҰ-ға кіру кезінде және 5 жылдық өтпелі кезең аяқталғаннан кейін қабылданған қаржы секторындағы міндеттемелерді орындау ретінде 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан шетелдік инвесторларға еншілес компаниялармен қатар елде жұмыс істеу үшін Банктер мен сақтандыру ұйымдарының тікелей филиалдарын ашуға мүмкіндік береді. ДСҰ-ның көрсетілетін қызметтер саласындағы жаңа қағидалары қаржы секторындағы нормативтік реттеудің транспаренттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ ірі ел, сондай-ақ теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдердің жаһандық тобының төрағасы бола отырып, осы елдер тобының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ерекше мүдделі, осыған байланысты балық аулауды субсидиялау жөніндегі көпжақты келісім бойынша келіссөздер аяқтауға шақырады.
Осы келісім 2020 жылға қарай балық аулауға субсидияларды реттеуге шақыратын БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің 14.6 ОДМ-ін іске асыруға арналған.
Балық аулауды субсидиялау жөніндегі келісімнің негізгі міндеті заңсыз, тіркелмейтін және реттелмейтін балық аулауға байланысты балық аулауға субсидияларды, сондай-ақ балықты шамадан тыс аулауға ықпал ететін субсидияларды қолдануға тыйым салу болып табылады.
- 02.02.2021
- 195