• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Чэнду қаласында қазақстандық тауар өндірушілер үшін сауда миссиясы өтеді

Өңделген өнімнің экспортына қолғабыс ету мақсатында «QazTrade» АҚ қазақстандық тауар өндірушілер үшін 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығында Чэнду қаласында (ҚХР) сауда-экономикалық миссия ұйымдастырмақ.

Іскерлік сапар шеңберінде экспорттаушыларға қытайлық бизнес-серіктестермен ынтымақтастық орнатуға, импорттаушылармен, трейдерлермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізуге, өнімді жеткізу туралы уағдаласуға мүмкіндік беріледі.

Көршілес Қытай экспортқа бағытталған отандық кәсіпорындар үшін маңызды нарықтардың бірі болып белгіленді. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және бизнес-қатынастар қарқынды дамып келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 30,1% - ға өсіп, 31,5 млрд долларға жетті. Қазақстандық өнімнің ҚХР-ға экспорты 12,6% - ға артып, 14,7 млрд долларды құрады.

Қытайлық сатып алушылар біздің отандық ауылшаруашылық тауарлары мен азық-түлік өнімдерін жақсы тұтынуда. 2023 жылы Қазақстан күнбағыс майын, астық пен ұнды, зығыр тұқымын, дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу қалдықтарын, мақта талшығын жеткізуді едәуір арттырды.

Отандық мал шаруашылығы саласының өнімдері экспорттық әлеуетке ие. Өткен аптада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, Қытай Қазақстаннан оңтүстік-шығыс өңірлерінен ет және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге шектеулерді алып тастады. Бүгінде қазақстандық өндірушілер салқындатылған ет және балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа, жұмыртқаны және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ҚХР-ның нарығына экспорттауға мүдделі. Айта кету керек, ет өнімдері Қытайда импортталатын негізгі өнімдердің тізімін қамтиды. ФАО (БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) ақпаратына сай, алдағы 7 жылда Қытай сиыр етін тұтынуды 1,1 миллион тоннаға арттырмақ, ал импорт 0,8 миллион тоннаға артады.

Өткен жылы қазақстандық кәсіпкерлер үшін QazTrade ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Сиань, Ухань, Үрімші және Шанхай қалаларына сауда миссияларын ұйымдастырды. Нәтижесінде Қытайға май өнімдерін, ұнды, түйе сүтінің ұнтағын, кондитерлік өнімдерді, құрама жемді және басқа да тауарларды жеткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Биыл Чэндуге бизнес-сапар барысында Қазақстанның кәсіпкерлері үшін ҚХР өндірістік кәсіпорындарына екіжақты B2B келіссөздері мен көшпелі кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр.

Сычуань провинциясы тізімде көрсетілген қазақстандық өнімдерді сатып алуға мүдделі: соя бұршақтары, күнжара және жануарларды азықтандыруға арналған басқа да қалдықтар, күнбағыс және мақсары майы және т.б.

  • 12.02.2024
  • 215
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика