• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Еңбек министрлігінің 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) басшысы Светлана Жақыпова Еңбекминінің кеңейтілген Алқа отырысында ведомствоның 2023 жылғы жұмысын қорытындылады.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сөз басында Светлана Жақыпова Еңбекминінің өткен жылы атқарған жұмыстарындағы негізгі жетістіктерін, оның ішінде Мемлекет басшысы қойған міндеттердің, атап айтқанда зейнетақы мөлшерін, оның ішінде базалық зейнетақы мөлшерін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру бойынша міндеттердің орындалуы туралы атап өтті.

Министр ТМД елдері арасында алғаш рет әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданғанын еске салды.

Әлеуметтік кодекс аясында мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетуге мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы іске асырылды және толық көлемде іске қосылды. 

«ОЦК енгізу нәтижесінде 2023 жылы 844 мыңға жуық адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS жолданды. Бұл ретте 333 мыңнан астам адам жәрдемақыны немесе төлемді өтінішсіз алу мүмкіндігін пайдаланды», – деді Еңбекминінің басшысы.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды. Өткен жылы 963 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жастар үшін бизнес ашуға және дамытуға жеңілдікті микрокредиттер берілді, халықтың әлеуметтік осал санаттарына кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін гранттар берілді.

«Бұдан басқа, маңызды стратегиялық құжат – Еңбек нарығын дамытудың
2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданды, оның аясында сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн-ға дейін жеткізу және жұмыспен қамту құрылымын жақсарту жоспарланған. Ол 2030 жылға дейінгі кезеңге еңбек нарығын дамыту бойынша негізгі бағыттарды, іс-шараларды, индикаторларды және жауапты орындаушыларды айқындайды», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы сияқты маңызды стратегиялық құжаттар қабылданды. Соңғысында 4 негізгі бағыт көзделген: тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және
БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы.

Арнаулы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді, бірақ оны алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспауы керек. Бұл ретте жұмыскер жеңіл жұмыста жұмысын жалғастыра алады, содан кейін ол жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады», – деді Жақыпова.

Министр 2023 жылғы мемлекеттік қолдаудың қорытындыларын ұсынды. Мәселен,
2,3 млн адамға зейнетақы төлеуге арналған бюджет шығыстарының жалпы сомасы 3,3 трлн теңгені құрады.

Балалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 578,4 млрд теңге бөлінді. Аталған қолдау шарасымен барлығы 1,3 млн адам қамтылды, оның ішінде бала туғанда берілетін жәрдемақы, көпбалалы аналарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар қамтылған.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу үшін 545,5 мың алушыға 409,7 млрд теңге бағытталды.

6,9 млн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға 536,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік аударымдар түсті.

  • 13.02.2024
  • 185
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика