- Блогтар
- Омаров М.Т.
Омаров М.Т.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы
БҚДА-НЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАРЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жобада бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соғуы мүмкін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу, мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту бөлігінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің функцияларын кеңейту көзделеді.
Бұл өзгерістер тауар нарықтарының жұмыс істеуін жақсартуға және бәсекелестікті дамытуға, бәсекелестікке қарсы актілердің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасымен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14937244
- 16.02.2024
- 195