• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Испаниямен 15 жылдық стратегиялық ынтымақтастық қарсаңында жоспарлары белгіленді

Астана, 2024 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хорхе Урбиоламен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың 15 жылдығын тойлау жылында жоспарланған жоғары деңгейдегі байланыстар мен мәдени-гуманитарлық іс-шараларды талқылады.

Дипломаттар екіжақты қарым-қатынастардың қозғаушы күші болып табылатын сауда-экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Атап айтқанда, жақын арада Қазақстанда испандық ірі компаниялардың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.

Р.Василенко биылғы жылы қол қою жоспарланған Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім қазақ-испан қарым-қатынастарының барлық спектріне елеулі серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Х.Урбиола Қазақстан мен Испания арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған спорттық-имидждік жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар білім және ғылым саласындағы байланыстарды дамытудың оң динамикасын қанағаттанарлықпен атап өтті. Осылайша, биылғы жылы бірқатар испан университеттерінің ректорлары делегациясының Астанаға сапарын, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттерінің бірінің базасында испан тілін оқыту орталығын ашу жоспарланған.

Бұл ретте, қазақстандық дипломат Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін көтерді. Р.Василенко атап өткендей, диалогты ілгерілету және осы саладағы нақты шараларға қол жеткізу ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара тиімді өзара іс-қимылды арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.

Анықтама: Испания Қазақстан Республикасының ЕО-дағы маңызды экономикалық серіктесі болып табылады. Қазақстандық статистикаға сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 2 млрд АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 млрд, импорт – 500 млн). 2005 жылдан бері Испаниядан Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 300 млн АҚШ долл. асты.

  • 20.02.2024
  • 163
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика