- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
2023 жылғы тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелеріне қатысты брифинг
2024 жылғы 22 ақпанда Агенттік 2023 жылғы тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелерінің таныстырылымын өткізді.
Тұрақты AQR (Asset Quality Review) – бұл негізгі міндеті активтердің нақты сапасын, шығындарды, қосымша провизияларды және банктер капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылатын жыл сайынғы қашықтан тексеру. Қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) – бұл реттеу құралы, оның мақсаты дағдарыс жағдайында банктердің қаржылық орнықтылығын бағалау болып табылады. Стресс-тестілеу әдіснамасы кредиттік және нарықтық тәуекелдерді, оның ішінде валюталық тәуекелді бағалауды, сондай-ақ банктердің таза пайыздық және пайыздық емес кірістеріндегі өзгерістерді қамтиды.
SREP және тұрақты AQR құралдарымен бірге стресс-тестілеу банктердің қаржылық орнықтылығын талдауға, ағымдағы және ықтимал тәуекелдерді игеру үшін банктердің капиталының жеткіліктілігін бағалауға кешенді тәсіл болып табылады.
2022 жылдан бастап тұрақты AQR және ҚСТ банктердің кеңейтілген тізімі бойынша өткізіледі. 2022 жылы бағалау аясына 10 банк, ал 2023 жылы активтері банк секторы активтерінің 84%-ын құрайтын 11 банк енгізілді. 11 банктің несие портфелі банк секторының несие портфелінің 85%-ын құрады.
2023 жылғы тұрақты AQR және ҚСТ банктердің жалпы қаржылық орнықтылығын растады.
2023 жылғы AQR бағалауы бойынша 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 15,1%-ды құрайды, бұл реттеуші ең төменгі көрсеткіштен (7,5%) едәуір жоғары.
2023 жылғы ҚСТ қорытындылары бойынша қатысушы банктердің стрестік сценарийдегі капиталының жиынтық жеткіліктілігі (k1) 2023 жылдың басындағы 15,1%-дан ҚСТ аясындағы 13,9%-дық ең төменгі мәнге дейін өзгерді.
Осылайша, қатысушы банктердің стрестік сценарийдегі капиталының жеткіліктілігі талап етілетін реттеуші нормативтерден жоғары деңгейде сақталды.
2024 жылғы наурызда Агенттік тұрақты AQR кезекті циклын бастайды, оның нәтижелері ағымдағы жылғы қыркүйекте алынады деп күтілуде. Бұдан әрі, AQR нәтижелері 2024 жылғы қыркүйек – 2025 жылғы қаңтар аралығында ҚСТ өткізу үшін пайдаланылатын болады.
2024 жылдан бастап тұрақты AQR нәтижелері SREP нәтижелерімен қатар қызметінде өтелмеген тәуекелдер мен кемшіліктер анықталған банктердің капиталына жеке үстемеақылар белгілеу кезінде ескерілетін болады.
- 21.02.2024
- 144