- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің елшісін қабылдады
Астана, 2024 жылғы 20 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға деген көзқарасты растады.
- 22.02.2024
- 193


