• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Павлодар облысының әкімі және активімен кездесу өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапары аясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен және өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-еңбек саласының цифрлық жүйелері туралы баяндады.

Министр Павлодарға жұмыс сапарын өңір басшысымен келіссөздерден бастады. Светлана Жақыпова мен Асайын Байханов халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту, өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, ұлттық көші-қон саясатын іске асыру, әсіресе, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды қабылдау және олар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау мәселелерін талқылады.

Осыдан кейін Еңбекминінің басшысы облыс активімен кездесу өткізді, оған Асаин Байхановпен қатар облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов пен Көші қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері және т.б. қатысты.

Сөз басында Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы хабарлады. Атап айтқанда, ол базалық зейнетақының кезең-кезеңімен ұлғаюы және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыстың артуы, Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі, Отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелері, ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесі, қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру туралы баяндады. Сондай-ақ, Министр Көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын, зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдау және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы баяндады.

Министр әлеуметтік-еңбек саласының цифрлық жүйелеріне баса назар аударды. ЕХӘҚМ басшысы Электрондық еңбек биржасының және Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін көрсетті.

«Өздеріңіз білетіндей, Отбасының цифрлық картасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық жұмыс істеуде. Бұл мемлекеттік қолдау шараларына сүйенетін отбасыларды анықтауға және оларды проактивті форматта көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздерге әлеуметтік қызметтермен шын мұқтаждардың бәрі, тіпті ол туралы білмейтіндер де қамтылатындай етіп құру қажет», – деді Светлана Жақыпова.

Өз кезегінде Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушылардың назарын еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мәселелеріне аударды. 2023 жылы өңірге 3522 адам немесе республика бойынша қоныс аударушылардың 40 %-ы қоныстанды.

«Бірінші – қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша қызметтерді сапалы ұсыну үшін мансап орталықтарының әлеуетін арттыру маңызды. Мансап орталықтары әрбір отбасымен жеке жұмыс жасауға тиіс. Отбасын қолдау тек оның отағасымен шектелмей, отбасының әр мүшесіне қатысты жүргізілуі керек.

Екінші – қоныс аударған отбасылармен нақты жағдайға тиімді мониторинг құру керек. Бұл процесті Отбасының цифрлық картасын қолдана отырып, мансап орталықтарында ұйымдастыру қажет», – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Асқарбек Ертаев Көші-қон комитеті жүргізген талдау нәтижелері бойынша жекелеген елді мекендерде экономикалық мобильділік сертификатын енгізуге байланысты тұрғын үй құны оның жай-күйіне, салынған жылына және қабырға материалына қарамастан, жасанды түрде 8 млн теңгеге дейін өскенін айтты. Отбасы мүшелері мен жақын туыстары арасында жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасау фактілері бар.

«Мұндай фактілердің алдын алу үшін біз сатып алынатын тұрғын үйге бағалау жүргізу міндеттілігі бөлігінде қоныс аудару ережелеріне өзгерістер енгіздік. Сонымен қатар, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салуға бағытталған жаңа түзетулер топтамасы әзірленді», – деді Көші-қон комитетінің төрағасы.

Өңір активімен кездесу барысында Светлана Жақыпова әлеуметтік-еңбек саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар берді.

  • 22.02.2024
  • 202
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика