• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Павлодар облысындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар қаласындағы мансап орталығының және бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өңір әкімімен және активімен кездесуден кейін Еңбекмині басшысы Павлодар қаласының мансап орталығына барды, онда Еңбек мобильділігі орталығының директоры Меруерт Есембаева халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жұмыс сапары барысында министр «Ана үйі» қоғамдық қорының жұмысымен танысты, оның қызметі әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайтуға бағытталған. Жоба әйелдерге моральдық және материалдық қолдау көрсету арқылы өмірлік қиын жағдайларда көмектесуге арналған.

Бұдан басқа, Светлана Жақыпова Облыстық балаларды оңалту орталығында болды. Ол Павлодарда 2023 жылы Еңбекмині, «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және бірқатар өңірлерде аутистикалық бұзылулары бар және басқа да ақыл-ой ауытқуы бар балаларға арналған күндіз болу орталықтарын құру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ашылды. Орталық қысқа мерзімде болу жағдайында қызметтер кешенін ұсынады, ол жерде ерекше балаларға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайлар жасалған және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

 «Осындай орталықтарды құру бастамасы инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Оның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамда тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.

Мұндай орталықтардың ашылуы аутизм және басқа да ақыл-ой ауытқуы бар балаларға білікті кешенді көмек көрсету, олардың дербестігін, тәуелсіздігі мен әлеуметтік бейімделу дағдыларын дамыту үшін неғұрлым тиімді әдістемелерді біріктіруге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Министр.

Сонымен қатар Еңбекминінің басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, онда зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, санаторийлік-курорттық емделуге, инватакси қызметтерін көрсетуге, мүгедектігі бар адамдарды кресло-арбалармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу процесін жеделдетуге байланысты және өзге де өтініштерді қарады.

  • 22.02.2024
  • 194
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика