• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жетімділікті кеңейту туралы

Жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) энергия алу қазірдің өзінде кең таралған тәжірибеге айналуда және бүкіл әлемде жылдам қарқынмен танымал болып, тұтынушылар саны артып келе жатқан энергиямен қамтамасыз етудің таңдаулы көзіне айналуда.

Бұл ретте, орнықты дамудың жеті мақсатының бірі қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі стратегиялық құжаттарда көзделген «Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету» болып табылады.

Бұл туралы бүгін ТДМ іске асыру шеңберінде Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамытуға арналған Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы барысында айтып бердім.

Республикамыздың «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 30%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу (баламалы энергия көздерін ескере отырып), сондай-ақ электр энергетикасындағы көмірқышқыл газы шығарындыларының ағымдағы деңгейіне қатысты 2030 жылға қарай 15%-ға және 2050 жылға қарай 40%-ға төмендету жоспарланып отырғанын атап өттім.

Бұдан басқа, Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің бекітілген стратегиясына сәйкес көмірді баламалы және жаңартылатын энергия көздерімен кезең-кезеңімен алмастыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда Министрлік ЖЭК саласындағы 63 жуық офсеттік жобаны мақұлдап, олардың жалпы саны 4 млн. тоннаға жуық СО2 қысқартылды.

Мысалы, «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы жалпы қысқарту көлемі 160 мың тн. СО2; «Ерейментау қаласындағы жел энергетикалық қондырғылары» - 120 мың тонна СО2; қуаты 100 МВт «Шу» күн электр станциясы - жылына 150 мың тонна СО2.

Сондай-ақ, парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесінің (CTB) мәселелері және ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) енгізу реформасын іске асыру мәселелері айтылды.

Айта кету керек, ЕҚТ енгізу ТДМ-7-ге қол жеткізудің, энергия тиімділігін арттырудың, СО2 шығарындыларын азайту үшін жасыл технологияларды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етудің негізгі стратегиясы болып табылады.

Соңында министр мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы ақпаратты айтып, ACM жүйесін енгізу табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылауға және жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өттім.

  • 23.02.2024
  • 359
Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика